Ирандық қыз БРИКС-тің жыл зерттеушісі атанды; 2025 жылы БРИКС басымдықтарын белгілеу
(last modified Mon, 17 Feb 2025 12:21:25 GMT )
Ақп 17, 2025 18:21 Asia/Almaty
  • Ирандық қыз БРИКС-тің жыл зерттеушісі атанды; 2025 жылы БРИКС басымдықтарын белгілеу

ParsToday – Теһран университетінің дүниетану факультетінің студенті БРИКС және Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2025 жылғы жас зерттеушісі атағына ие болды.

«БРИКС және ШЫҰ жас көшбасшылары сыйлығы» шарасына ұсынылған Теһран университетінің Дүниетану факультетінің үндітану ғылымының докторанты және Азия мэрлерінің форумында тағылымдамадан өтуші Хосна Салими ханым «Жыл зерттеушісі» атағын жеңіп алды.

Pars Today хабарлағандай, бұл курсқа Иран, Үндістан, Қытай, Мысыр, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Өзбекстан, Оңтүстік Африка, Бразилия, Эфиопия, Тәжікстан және Ресей сияқты әлемнің 13 елінен 400-ден астам қатысушыдан 10 адам іріктеліп, Ресейдің Қазан қаласында өткен салтанатты шарада марапаттарын алды.

«БРИКС және Шанхай ынтымақтастық ұйымының жас көшбасшылары сыйлығы» жыл сайын бес номинация бойынша беріледі: «Жылдың үздік қоғамдық дипломатиялық жобасы», «Жылдың ықпалды БАҚ тұлғасы», «Жылдың әлеуметтік кәсіпкері», «Жылдың экологиялық бастамасы», «Жыл зерттеушісі».

 

2025 жылы БРИКС басымдықтарын белгілеу

ParsToday агенттігінің BRICS халықаралық «TV BRICS» телеарнасына сілтеме жасап хабарлауынша, Бразилия үкіметі БРИКС-ке төрағалық етудің басымдықтары көрсетілген құжатты жариялады. Жаһандық оңтүстіктегі ынтымақтастық пен әлеуметтік даму бойынша серіктестіктерді қоса алғанда, екі басымдық берілген, олар алты негізгі бағытқа бөлінген: жаһандық денсаулық сақтау, сауда және қаржы, климаттың өзгеруі мәселелері, AI басқару, бейбітшілік пен қауіпсіздіктің көпжақты архитектурасын реформалау және институционалдық даму. Сондай-ақ құжатта AI технологияларын этикалық, қауіпсіз және жауапкершілікпен пайдалану үшін жеке деректерді қорғау және ақпараттың тұтастығын қамтамасыз ету қажеттігі айтылған.