Ислам революциясының жетекшісі: Американың Газаға қатысты ақымақ жоспары еш нәтиже бермейді
(last modified Wed, 19 Feb 2025 11:05:33 GMT )
Ақп 19, 2025 17:05 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Американың Газаға қатысты ақымақ жоспары еш нәтиже бермейді

ParsToday – Палестина Исламдық жиһад ұйымының бас хатшысы Зиад әл-Нахала және онымен бірге келген делегация сейсенбі түстен кейін Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеимен кездесті.

ParsToday хабарлауынша, бұл кездесуде аятолла Хаменеи Қарсыласу қозғалысының Газадағы жеңісін құттықтап: «Палестиналық қарсыласу жетекшілері мен күрескерлерінің дұшпанға қарсы бірлігі, ынтымағы және табандылығы, сондай-ақ күрделі келіссөздер үдерісін ілгерілету жолындағы ұлы еңбегі және аймақ халқының төзімділігі мен табандылығы  аймақтағы қарсылықты асқақтатты»,-деп баса айтты.

Ислам революциясы жетекшісі исламдық қарсыласу мен Газа халқының сионистік және америкалық дұшпандарға қарсы жеңісін жоғары бағалап: «Бұл жеңіс қарсыласу күресінде жаңа стандарт туғызды»,- деді.

Аятолла Хаменеи Американың кейбір ақымақ жоспарларына немесе Газа мен Палестинаға қатысты басқа жоспарларына тоқталып: «Бұл жоспарлар еш нәтижеге жетпейді және бір жарым жыл бұрын қарсыласуды қысқа мерзімде жойып жібереміз дегендер қазір қарсыласу жауынгерлерінен тұтқындарын қайтарып, есесіне көптеген палестиналық тұтқындарды босатып жатыр»,- деп мәлімдеді.

Ол қарсыласу қозғалысының сионистік тұтқындарды тапсыру әдісін әлемнің көз алдында қарсыласу ұлылығының көрінісі деп атап: «Енді жаһандық қоғамдық пікір Палестинаның пайдасына және осы жағдайда қарсыласу мен Газа халқының келісімінсіз ешбір жоспар аяқталмайды»,-деді.

Осы кездесуде Палестина Исламдық жиһад ұйымының бас хатшысы Зиад әл-Нахала Ислам революциясы жетекшісін Газадағы қарсыласуының ұлы жеңісімен құттықтап, бұл жеңісті Ислам республикасының тұрақты қолдауы, сондай-ақ шейіт Сейед Хасан Насролланың басшылығымен байланыстырып: «Соңғы бір жарым жыл ішінде Палестина қарсыласуы іс жүзінде Америкамен және Батыспен соғысты және күштердің тең емес тепе-теңдігіне қарамастан, Палестина қарсыласуы үлкен жеңістерге қол жеткізе алды»,- деді.

Палестина Исламдық жиһад ұйымының бас хатшысы Палестина мен Ливан қарсыласу топтарының өрісі мен саяси бірлігі мен ынтымақтастығын Газадағы жеңістің ықпалды факторларының бірі деп санап, Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы соңғы оқиғалар мен келіссөздер үдерісі мен қол жеткізілген келісім туралы тоқталып: «Біз қарсыласу жолын ешқашан ұмытпаймыз және қарсыласу сарбаздары ретінде осы жолды жалғастырамыз»,- деп баса айтты.

***

Жақында АҚШ президенті Дональд Трамп палестиналықтарды Газадан күштеп көшіруді және оларды Мысыр мен Иорданияға көшіруді ұсынды, сонымен қатар АҚШ бұл жолақты бақылауға алатынын мәлімдеді. Отаршылдық саясатын еске түсіретін және халықаралық құқықты бұзатын бұл мәлімдемелер аймақтық және халықаралық қарсылық пен реакция толқынын тудырды.