Каспий экономикалық форумына қатысушы ресми тұлғалар Иранның ғылыми жетістіктер көрмесін тамашалады
(last modified Wed, 19 Feb 2025 11:28:25 GMT )
Ақп 19, 2025 17:28 Asia/Almaty
  • Каспий экономикалық форумына қатысушы ресми тұлғалар Иранның ғылыми жетістіктер көрмесін тамашалады

ParsToday - Иранның Вице-президенті мен Каспий экономикалық конференциясына қатысушы басқа елдердің ресми тұлғалары Иран Ислам Республикасының ғылыми-техникалық жетістіктері көрмесін аралады.

ParsToday агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның Вице-президенті Мұхаммад Реза Ареф пен Каспий экономикалық конференциясына қатысушы ресми тұлғалар Теһран халықаралық көрмесіндегі Иран Ислам Республикасының ғылыми-техникалық жетістіктері көрмесін аралады.

Сейсенбі күні таңертең Иран Вице-президенті Каспий экономикалық форумына қатысуға келген басқа төрт елдің делегацияларының басшыларымен бірге Иран Ислам Республикасының соңғы ғылыми-техникалық жетістіктерін жақыннан тамашалады.

Бұл көрмеде ирандық білімге негізделген компаниялардың медицина мен денсаулық, ауыл шаруашылығы, мұнай-химия, тамақ өнеркәсібі, ағынды сулар мен химиялық ластаушы заттарды тазарту, су және энергетика және т.б. салаларындағы соңғы ғылыми және технологиялық жетістіктеріне қатысты ақпараттар  түсіндірілді.