Ислам революциясы жетекшісі: Құран кәпір билеушілерге қалай әрекет ету керектігін айтады
ParsToday – Ислам революциясының жетекшісі: «Иран ұлтының басқа халықтармен проблемасы жоқ, бірақ бүгінде кәпір немесе екіжүзді билеушілерінің кең майданымен бетпе-бет келіп отыр»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі имам Хаменеи, жексенбі күні кешке қасиетті Рамазан айының бірінші күні «Құранға жақындау» жиында беделді және халықаралық ұстаздар мен қарилардың ортасында Құранның емдік ілімдеріне жеке, әлеуметтік және ұлттық қажеттілікке тоқталып: «Құран үмметі Алланың Кітабының рухани бұлақтары барлық адамдардың жүрегінде, ойларында, соның салдарынан мінез-құлқы мен іс-әрекетінде ағып тұратындай әрекет етуі керек»,- деп айтты. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислам революциясының жетекшісі қасиетті Рамазан айын мүміндердің ұлық әрі шынайы мейрамы ретінде құттықтап: «Қоғамның әртүрлі дерттерге шипа болатын Құранның шексіз қайнар көздеріне мұқтаждығы маңызды әрі шынайы қажеттілік»,- деп қосты.
Ол илаһи кітапқа деген жеке адамның қажеттіліктерін түсіндіріп: «Адам бойындағы көреалмаушылық, сараңдық, күдік, жалқаулық, өзімшілдік, атаққұмарлық, жеке мүддені ұжымдық мүддеден жоғары қою сияқты барлық рухани-адамгершілік дерттердің емі Құранда»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі қоғамдағы ішкі коммуникацияларға қатысты да: «Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін, соның ішінде Исламда таухидтен кейінгі ең маңызды мәселе болып табылатын әлеуметтік әділеттілікті шешу үшін Құранға жүгінуіміз керек»,- деді.
Аятолла Хаменеи сондай-ақ Құранды басқа елдермен қарым-қатынас саласында айқын әрі нақты нұсқаушы деп атап: «Иран ұлтының басқа халықтармен проблемасы жоқ, бірақ бүгінде Құран Кәрімде олармен қашан сөйлесу керек, қашан ынтымақтасу, қашан ауыздарынан қағу, қай кезде қылыш суару керектігі түрлі кезеңдерінде нақты көрсетілген кәпір немесе екіжүзді билік іздеушілердің кең майданымен бетпе-бет келіп отыр»,- деп мәлімдеді.
Аятолла Хаменеи оқудың нәтижесінде Құранның мағыналарын түсінуді маңызды деп санап, былай деп қосты: «Қырааттың мұғжизасы – Құран ұғымдарының жүректерге ағып, оларға сай амал ету».