ҚР Ұлттық академиясы кітапханасының меңгерушісі: Біздің кітапханашылар Иранның бай тәжірибесін пайдалануға мүдделі
(last modified Fri, 07 Mar 2025 10:21:24 GMT )
Нау 07, 2025 16:21 Asia/Almaty
  • ҚР Ұлттық академиясы кітапханасының меңгерушісі: Біздің кітапханашылар Иранның бай тәжірибесін пайдалануға мүдделі

ParsToday - Қазақстан Ұлттық кітапханасының басшысы Иранның Астанадағы елшісі және мәдениет кеңесшісімен кездесуінде қазақ кітапханашыларының Иранның кітапхана ісі саласындағы бай тәжірибесін пайдалануға мүдделі екенін атап өтті.

ИИР Қазақстандағы Елші Әлиакбар Джокар мен Иранның Қазақстандағы Мәдениет кеңесшісі Әлиакбар Талеби Матин сейсенбі күні Қазақстан Ұлттық академиясы кітапханасының жаңа басшысы Күміс Сейітова ханыммен кездесіп, кітапхана ісі және ғылыми-мәдени байланыстарды дамыту саласындағы маңызды мәселелерді талқылады. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Джокар Сейітованы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы кітапханасының жаңа басшысы қызметіне тағайындалуымен құттықтап: «Сейітова ханым Иранға сапармен екі ел арасындағы ғылыми, мәдени және кітапхана саласындағы қарым-қатынастарды дамытып, Иранның Ұлттық кітапханасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды» деді.

Джокар Шығыс мәдениетін төмендетіп, жоюды көздеген Батыстың агрессивті медиа саясаты жағдайында бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы ойлар мен идеялар алмасуды Шығыс мәдениеті мен өркениетін сақтаудың маңызды жолдарының бірі ретінде қарастырды.

Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы кітапханасының жаңа басшысы Күміс Сейітова ханым да кездесу барысында биылғы жылдың екінші жартысында Иранға сапар шегуге дайын екенін мәлімдеп: «Қазақстандық кітапханашылар Иранның кітапхана ісі саласындағы бай тәжірибесін пайдалануға мүдделі»,- деді.

 

Иран мен Қазақстан арасындағы мәдени жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің басталуы

Тағы бір жаңалық,  Иран Ислам Республикасының Алматыдағы  Мәдениет орталығының басшысы Хұсейн Ағазаде мен Қазақстан Ұлттық кітапханасының жаңа басшысы Нұрғалиева Ғазиза ханым кездесіп, пікір алмасты. Осы кездесуде Нұрғалиева Ғазиза ханым 2025 жылы Қазақстан Ұлттық кітапханасының құрылғанына 115 жыл толуын атап өтуге тоқтала келе, осы маңызды шара аясында мәдени-ағартушылық жобаларды жүзеге асыруды ұсынды.