Ақындар мен Парсы мәдениеті мен әдебиеті белсенділерінің революция жетекшісімен кездесуі
(last modified Sun, 16 Mar 2025 10:41:14 GMT )
Нау 16, 2025 16:41 Asia/Almaty
  • Ақындар мен Парсы мәдениеті мен әдебиеті белсенділерінің  революция жетекшісімен кездесуі

Исламның Ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) немересі имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) туған күні кешінде жас және ардагер ақындар тобы Ислам революциясының жетекшісімен кездесті.

Бұл кездесуде аятолла Хаменеи жігерлі және революциялық поэзияның өсуіне ризалығын білдіріп, осы отырыста оқылған өлеңдерді жалпы жақсы және жоғары сапалы деп атап: «Өлең толқыны, әсіресе, жастар арасында өршіп келе жатқан поэзияның келешегі зор, 1403 жылғы ақындардың әдеби қызметі туралы есеп беруде біздің табанды да революцияшыл ақындарымыз биыл жақсы сынақтан өткенін көрсетеді»,- деді.

Ол «поэзия – ерекше орта және өнер, БАҚ-тың басқа түрлері оны өз беделінен түсіре алмағанын қуаттап: «Поэзия алға жылжып, жақсы ақындар көбейген сайын көңілге қуаныш ұялатады. Әрине, өлеңнің санымен қатар сапасы да арта түседі деп күтілуде», - деді.

Революция жетекшісі поэзия мен ақынның сапалы дамуын өзінің поэтикалық өркендеуін қанағаттанбау деп біліп, былай деп қосты: «Біздің дәуіріміз Саади, Хафез, Незами Афарин дәуірі болуы мүмкін, өйткені ұлы ақындар құрмет пен ілтипат көрмеген Тағут дәуірінен айырмашылығы, қазіргі заманда ақындарға деген әлеуметтік құрмет пен ілтипат жоғары деңгейде, олардың бұқаралық ақпарат құралдарында, радио, теледидарда болуы мен назар аударуы ұлы ақындардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туғызды».

Ол қазіргі парсы поэзиясының тілін революция кезінде жасалған теңдесі жоқ тіл деп атап: «Бұл көркемдік артықшылық – біздің дәуірдегі ақындардың көтерілуіне, поэзияның ұлы шыңдарына тағы бір тұғыр», - деді.

Аятолла Хаменеи ақынның ішкі жан дүниесінің поэзиясына ықпалын баса айтып, ақындарға, әсіресе жастарға тақуалық пен білім негіздерін көбірек ұстануға және діни ілімдерді сақтауға кеңес беріп: «Құран Кәрімнің ақындарға Алланы жиі зікір етуге шақыруының себебі, ақынның ішкі жан дүниесі неғұрлым таза болса, поэзиясы да соғұрлым таза әрі айқын болады»,- деп қосты.

Ол парсы әдебиетінің қазынасынан және ұлы ирандық ақындардың өлеңдеріндегі көркемдік ресурстардан пайда алуды қажет деп санады, ақындарға романтикалық поэзия мен ғазалдың шеңберіне қатысты тағы бір кеңесінде: «Ақынның толып жатқан ғашықтық сезімін білдіретін ғашықтық поэзиясын жазудың еш айыбы жоқ, бірақ парсы ақындық дәстүріндегі ғашықтық поэзия қашанда пәк, асыл болған, сондықтан да махаббат поэзиясы пәктік пен әдептілік шеңберінен адасып, арсыздық пен ұятсыздыққа сіңіп кетпесін».

Революция жетекшісі тақырыпты өркендетуді және өлеңге көп таралған, төмен деңгейлі сөздерді енгізуден аулақ болуды поэзияның биікке көтерілуіне себеп деп атады.   

Ол қазіргі кезеңде шабыттандыратын әлеуметтік ұғымдардың мол болуын поэзияда қолданудың шабыттандыратын әлеуеті деп: «Бұл кездесуде шәһидтер Сүлеймани, Раиси, Насролла және Синвар туралы өлеңдер  оқылып, бұл жандандыратын ұғымдарды поэзия арқылы адамдардың санасында сақтау мүмкін екенін көрсетті. Сол сияқты монотеистік,  хикметті ұғымдардың поэзиядағы көрінісі де өте құнды, өзіндік аудиториясы бар»,- деді.

Аятолла Хаменеи поэзия кітаптарын таухид пен Алланы мадақтаумен бастау дәстүрін қазіргі ақындар үлгі алатын құнды дәстүр деп санады.

Сондай-ақ көрнекті ақындардың жас ақындардың өлеңдерін тыңдап, талқылайтын кейбір телебағдарламаларға тоқталып, бұл әдісті поэзияның деңгейі мен беделін түсіру және жақсы ақындарды коммерцияландыру деп бағалап, былай деп қосты: «Әрине, өлеңді радио мен теледидардан оқу керек, бірақ ақынның қадір-қасиетін құрметтейтін түрде».

Бұл басқосуда 36 ақын түрлі діни, қоғамдық, саяси тақырыптағы өлеңдерін оқыды.