Иран бір ауыздан, бір жүректен Палестинамен бірге; Иран қайраткерлері Құдс күні шеруіне қатысты
ParsToday - Иран халқы мен қайраткерлері Дүниежүзілік Құдс күніне арналған шеруге қатысу арқылы Палестина халқын қолдауда табанды екендіктерін тағы бір дәлелдеді.
2025 жылдың 28 наурызы, жұма, 1446 жылғы Рамазан айының 27-сі жұлдызы Дүниежүзілік Құдс күніне сәйкес келді. Иран Ислам Республикасының ұлық негізін қалаушы Имам Хомейнидің (р.а.) бастамасымен қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасы Дүниежүзілік Құдс күні деп аталды. ParsToday мәліметтері бойынша; Иран Ислам Республикасының Президенті Дүниежүзілік Құдс күні шеруінің аясында журналистерге берген сұхбатында адам құқықтарын қорғаушылар мен саясаткерлердің Құдстағы басқыншы режимнің қылмыстарына үнсіздік танытуын сынап: «Сионистік режим мен осы қылмыстық режимді қолдайтындардың мінез-құлқының сипаты адамзаттық қылмыс пен қаскүнемдік принципінен басқа ештеңе емес»,- деді.

Жұма күні өткен Халықаралық Құдс күні шеруіне Иранның басқа қайраткерлері мен мәртебелі тұлғалары да қатысып, сионистік режимнің қылмыстарын айыптай отырып, Палестина халқына қолдау көрсетуді баса айтты.










