Арақчи: Қытай мен Ресей Иран Ислам Республикасының стратегиялық серіктестері
(last modified Wed, 23 Apr 2025 13:36:40 GMT )
Сәу 23, 2025 19:36 Asia/Almaty
  • Арақчи: Қытай мен Ресей Иран Ислам Республикасының стратегиялық серіктестері

ParsToday - Қытайдың жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, кеңесу үшін Бейжіңге аттанған ИИР Сыртқы істер министрі осы сапарында Иран Ислам Республикасы Президентінің жолдауын Қытай қайраткерлеріне жеткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

ИИР Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи сәрсенбі күні таңертең Бейжіңге келген соң: «Қытай мен Ресей қиын жағдайда әрқашан Теһранның жанында болған Иран Ислам Республикасының екі стратегиялық серіктесі әрі жақын досы» деп мәлімдеді. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Арақчи өткен аптада Ресейге жасаған сапарына сілтеме жасай отырып: «Әртүрлі салаларда, әсіресе қазір АҚШ-пен келіссөздер мәселесі жанама түрде талқыланып жатқанда, олармен үздіксіз және тұрақты консультациялар жүргізуіміз заңды. Қытайдағы достарымызды істің барысынан толық хабардар етіп, олармен ақылдасып отыру керек»,- деп айтты.

 

Бейжің Теһранның санкцияларды алып тастау және ядролық келіссөздер жүргізу әрекеттерін қолдайды

Қытайлық әріптесінің ресми шақыруымен Бейжіңге барған Арақчи сәрсенбі күні таңертең ҚХР Саяси бюросы тұрақты комитетінің мүшесі, ел премьер-министрінің бірінші орынбасары Дин Сюйсянмен халық мәжіліс залында кездесіп, келіссөздер жүргізді. Бұл кездесуде Диң Сюесян Иран мен Қытай қарым-қатынасының жан-жақты кеңеюіне қуанышты екенін айтып, екі елдің стратегиялық серіктестігін өзара сенім мен құрметтің жемісі және екі елдің ортақ мүдделеріне негізделген деп санап, Қытай басшылығының Иранмен өзара мүдделі барлық салалардағы қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтарды одан әрі арттыруға деген ерік-жігерін қуаттады. Қытай премьер-министрінің бірінші орынбасары кездесуде Бейжіңнің Иранның санкцияларды алып тастау және ядролық мәселе бойынша келіссөздер жүргізу талпыныстарын қолдайтынын баса айтты.

 

Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: Иран мен Қытай қарым-қатынасы аймақтық және жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылыққа үлес қосты

Қытай СІМ-нің баспасөз хатшысы Го Цзякун да Иран Сыртқы істер министрінің Бейжің сапарына қатысты: «ИИР Сыртқы істер министрінің Қытайға сапары екі ел басшыларының қол жеткізген маңызды келісімдерін жүзеге асыру, екі жақтың саяси өзара сенімін тереңдету, әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты ілгерілету, көпжақты қорғаныс пен ортақ қорғаныс үшін үлкен мәнге ие болады деп санаймыз»,- деді. Цзякун Қытай мен Иранның ежелден келе жатқан достығына тоқталып: «Екі ел әрқашан бір-бірін құрметтеп, сенім артып, қолдап, екіжақты қарым-қатынастардың салауатты және тұрақты өсуіне ықпал етіп, аймақтық және жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылыққа үлес қосты»,- деп мәлімдеді.

 

Иранның Сот билігінің басшысы: Иран-Қытай стратегиялық құжаты екі ел арасындағы қарым-қатынастарды ілгерілетуде маңызды рөл атқарады

Осы ретте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің сот жүйесі басшыларының 20-шы саммитіне қатысу үшін Қытайдың Ханчжоу қаласына барған Иран Ислам Республикасының Сот жүйесінің басшысы Ғоламхұсейн Мохсени-Эжеи сәрсенбі  күні таңертең Қытайдың басқарушы партиясының орталық комитетінің жоғары лауазымды мүшесі және саяси-құқықтық комиссиясының төрағасы Чен Вэнцин кездесуінде: «Иран мен Қытай саяси, атқарушы және сот салаларындағы қарым-қатынастарының деңгейін кеңейте алады және Иран мен Қытай арасындағы 25 жылдық стратегиялық құжат екі елдің қарым-қатынастары мен әртүрлі салалардағы алмасуларын ілгерілетуде маңызды рөл атқарады»,- деді.