Үшінші Иран-Африка ынтымақтастық саммиті; Иранның Қара құрлықпен экономикалық ынтымақтастығында жаңа тарау
(last modified Mon, 28 Apr 2025 11:20:49 GMT )
Сәу 28, 2025 17:20 Asia/Almaty
  • Үшінші Иран-Африка ынтымақтастық саммиті; Иранның Қара құрлықпен экономикалық ынтымақтастығында жаңа тарау

ParsToday - Иран Президенті: «Иран Ислам Республикасы Африкамен барлық жетістіктерін бөлісуге және барлық салалардағы ынтымақтастықты дамытып, кеңейтуге дайын».- деді.

ParsToday ақпарат агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран президенті Масуд Пезешкиан жексенбі күні Теһранда 51 елдің өкілдерінің қатысуымен өткен үшінші Иран-Африка ынтымақтастық саммитінде сөйлеген сөзінде Құран Кәрімнің адамзатты біртұтас ұлт деп санайтын аяттарына сілтеме жасап: «Аллаһ адамдар бір-бірімен қайшыдыққа келмеу үшін пайғамбарлар мен қасиетті кітапты жіберді»,- деп қосты.

Пезешкиан былай деп айтты: «Барлығы бір-біріне көмектесіп, қол ұстасып, денсаулық, махаббат, мейірімділік, еркіндік пен адамгершілікке толы үй салу керек. Олар өшпенділік тұқымын себудің орнына, достық, бауырластық, сүйіспеншіліктің ерік-жігері мен сенімін қалыптастыруы керек».

Иран Президенті: «Өкінішке орай, басқалардың құқығын таптап, қылмыс жасап жатқан басқыншылар мен экстремистер тобы бар. Олар бір топты өз жерінен қуып, өлтіріп, адамзатқа күмән келтірді. Олардың адамдық беттерінің артында жер бетіндегі ең жабайы және қанішер жаратылыстар бар және олар еш қорқынышсыз бейкүнә адамдарды, әйелдерді, балаларды, кәрі-жастарды қырып салады»,- деп баса айтты.

Иран-Африка Экономикалық Ынтымақтастық Саммиті Теһранда президент, президенттің бірінші орынбасары, Өнеркәсіп, кен және сауда министрі және министрліктің ресми тұлғалары және Африка құрлығының бір топ ресми өкілдерінің қатысуымен Теһранда басталды. Бұл шарада Иран Африка Одағының ресми тұлғаларын, соның ішінде бірқатар президенттерді, премьер-министрлерді, экономика және сауда министрлерін, сауда-өнеркәсіп палаталарының басшыларын, кәсіпкерлерді, экономикалық белсенділерді, банктер мен сақтандыру компанияларының басшыларын, өндірістік бөлімшелерді, Африка елдерінен ірі және халықаралық компаниялардың басшыларын қабылдауда.

Иран-Африка Экономикалық Ынтымақтастық Саммиті Иранның осы құрлықпен ынтымақтастығын жүйелі түрде дамыту үшін бетбұрыс нүктесі болса, Африка құрлығы дамушы елдер үшін сауда жасау үшін бірегей мүмкіндік болып табылады.

Африка елдері өздерінің тарихи артта қалғандығын жою үшін тауарларды, қызметтерді және білікті жұмысшыларды импорттауы керек және Иран бұл мәселеде Африка елдеріне көмектесе алатын сияқты. Осы хабарға сәйкес, саммит Теһранда сейсенбі, 29 сәуірге дейін, Исфаханда 30 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтеді.