Times Asia рейтингінде Иранның 81 университеті
ParsToday - 81 университетімен Иран Times Asian University Rankings рейтингінде Ислам елдері арасында Түркиядан кейінгі екінші орынды иеленді.
Times Higher Education World University Rankings халықаралық рейтингтік жүйенің бірі болып табылады, ол 2013 жылы Азия университеттерін халықаралық рейтингтерімен қатар алғаш рет бағалады.
ParsToday ақпарат агенттігінің Mehr ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ислам әлемі ғылым және технология дәйексөз және мониторинг институтының (ISC) басшысы Мұхаммад Мәһди Алавиан Мехр: «2025 жылы Азия университеттерінің рейтингі туралы соңғы есепте Иранның 81 университеті кірді, оның ішінде Иран Ислам республикасының 4 университеті 100 үздік жоғары оқу орындарының қатарында болды»,- деп иәлімдеді.
Алавиан Мехр былай деп қосты: «2025 Times Higher Education Asia рейтингіне 35 елден 853 университет кіреді. Өткен жылдардағыдай бұл рейтингте 1019 университетпен ең көп университеттер Жапонияда, одан кейін 107 оқу орнымен Үндістанда».
Times Asian Rankings 2025 рейтингіндегі университеттер саны бойынша Иранның үлесі 81 университетті құрайды, бұл рейтингте университеттердің шамамен 10,53%-ын қамтиды.
Шариф технология университеті, Амиркабир технология университеті, Иран ғылым және технология университеті, Теһран технология университеті және Теһран медициналық ғылым университеті Иранда сәйкесінше бірінші-бесінші орындарға ие болды.
ISC институты басшысының айтуынша, Азия құрлығының ислам елдері арасында 2025 жылғы рейтингке 20 ислам елінен барлығы 381 университет енгізілген.