Иранның Атом Қуаты ұйымының басшысы: Иранның ядролық технологиясы келіссөздерге жатпайды және толығымен бейбітшіл
(last modified Wed, 14 May 2025 13:09:53 GMT )
Maм 14, 2025 19:09 Asia/Almaty
  • Иранның Атом Қуаты ұйымының басшысы: Иранның ядролық технологиясы келіссөздерге жатпайды және толығымен бейбітшіл

ParsToday – Иранның Атом Қуаты ұйымының басшысы Иранның ядролық технологиясының келіссөздерге жатпайтындығына тоқталып: «Бүгінгі таңда ядролық білім ұлттық байлық болып табылады және медицина мен өнеркәсіп салаларында өзгеріске ұшырады»,- деді.

ParsToday ақпарат агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, ИР президентінің орынбасары әрі Иран Атом Қуаты ұйымының басшысы Мұхаммад Ислами сейсенбі күні Теһранның батысындағы Карадж медициналық ғылымдар факультетінде Альборз медицина ғылымдары университетінің профессорларын марапаттау рәсімі аясында ядролық энергияның әртүрлі медицина және өнеркәсіп салаларында бейбіт мақсатта қолданылуына тоқталып: «Қазір елімізде радиофармацевтикалық препараттардың 70 түрі шығарылып, медициналық орталықтардың игілігіне берілген»,- деп айтты.

Ислами былай деп қосты: «Радиофармацевтикалық препараттар 230 медициналық орталық арқылы науқастарды емдеу үшін қолданылады және шамамен 85000 радиациялық жұмысшы Ирандағы 6500 ядролық медицина орталықтарында науқастарға қызмет көрсетеді». 

Иранның вице-президенті: «Бүгінгі күні ядролық технология Иран халқының күші мен байлығы болып табылады және келіссөздер жүргізілмейді, өйткені бұл халық оны алу үшін ауыр баға төледі»,-деді.

Иранның Атом Қуаты ұйымының басшысы: «Иранның ядролық білімге жету жолы ашық әрі бейбіт және Иранның осы технология арқылы бейбіт мақсаттардан басқа мақсатты көздемейтінін әлем біледі»,- деп баса айтты.

Иран вице-президенті: «Бүгінде елдің ілгерілеуінің кілті ғылым, әсіресе ядролық технология саласында болып отыр. Елдегі электр энергиясын өндіруде және өнеркәсіптік қызметте атом энергетикасының рөлі өте маңызды және бұл білімнің медицина және экология салаларында әлеуеті зор»,- деп қосты.