Ауғанстан Президенті бастаған делегация Ислам революциясының жетекшісімен кездесті
(last modified Tue, 24 May 2016 09:03:48 GMT )
Maм 24, 2016 15:03 Asia/Almaty
  • Ауғанстан Президенті бастаған делегация Ислам революциясының жетекшісімен кездесті

Ислам революциясының жетекшісі кеше түстен кейін Ауғанстан Президенті Мұхаммад Ашраф Ғанимен кездесіп: «ИИР әрдайым Ауғанстанның қауіпсіздігі мен мүдделерін сақтауға күш салып келеді. Бұл елдің барлық салалар бойынша дамуын өзінің дамуы деп санайды»,-деді.

Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, хазірет аятолла Хаменеи: «ИИР кейбір елдерге, соның ішінде АҚШ пен Ұлыбританияға керісінше Ауғанстан халқына құрметпен қарап, бауырластық пен қонақжайлық танытты. Иран Ауғанстаның өз табиғи байлықтарын пайдалануына қажетті техникалық, инженерлік және инфрақұрылымдық көмектерді аяп қалмайды»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі, сондай-ақ, екі елдің шекарасындағы өзеннің суы туралы мәселені тез арада шешу қажеттігін айтып: «Мұндай мәселелер ортақ шекара, мәдениет пен қажеттіліктерге ие Иран мен Ауғанстан сияқты екі елдің қарым-қатынасына сызат түсірмеуі тиіс»,-деді.

Осы кездесуде Ауғанстан Президенті Мұхаммад Ашраф Ғани Теһранда өткен келіссөздерге, әсіресе Чабахар арқылы Үндістанмен транзиттік қатынас туралы келісімге ризалық білдіріп: «Біз әрдайым Иран халқының қонақжайлығы мен Ислам революциясы жетекшісінің Ауғанстанға деген оң көзқарасына алғыс айтамыз. Теһран келіссөздерінен кейін екі ел байланыстарының одан ары кеңейе түсетіндігіне үміттенеміз»,-деді.