«Оларды дәрменсіз қыламыз»; Иран шабуылдарын бастамас бұрын Имам Хаменеи Израильге қандай жолдау айтты?
ParsToday - Аятолла Хаменеи өз жолдауының бір бөлігінде: «Барлығы сионистік лаңкестің зұлым, арамза болмысына қарсы күшпен әрекет етуіміз керек деп санайды; біз күшпен әрекет етуіміз керек, Құдай қаласа, біз күшпен әрекет етеміз және біз олармен ымыраға келмейміз»,-деді.
Иран Ислам революциясының жетекшісі жұма күні Израиль режимінің Иран елі мен халқына қарсы қылмыстарынан кейін күшті жолдауында бұл режиммен қарсыласу деңгейін нақтылады. Жолдауының мәтіні келесідей:
بسم الله الرّحمن الرّحیم
Еліміздің қымбатты да ұлы халқына сәлем. Мен әрине, баршаға ауыр болған, құрметті қолбасшылар мен ғалымдардың және бірқатар бейбіт тұрғындардың шәһид болуына байланысты Иран халқына және олардың отбасыларына көңіл айтамын. Алла Тағала олардың дәрежесін биіктетіп, асыл жандарын ерекше мейіріміне бөлейді деп сенеміз.
Бірақ менің сүйікті халқыма айтайын дегенім, сионистік режим қателік жасады және бұл қателіктің салдары оны дәрменсіз етеді, Алланың көмегімен. Иран халқы асыл шәһидтерінің қаны үшін кек алады, елінің аспанының тыныштығын бұзғаны үшін де жауап қайтарады. Қарулы күштеріміз дайын, қарулы күштердің артында ел басшылары мен барлық халық тұр.
Бүгін еліміздің барлық түрлі саяси фракцияларынан және елдегі әртүрлі адамдардан осындай хабарламалар жасалды. Әркім «біз сионистік лаңкестің зұлым болмысына қарсы күшпен әрекет етуіміз керек» деп санайды; біз күшпен әрекет етуіміз керек, Құдай қаласа, біз күшпен әрекет етеміз және біз олармен ымыраға келмейміз.
Олар үшін өмір ащы болары сөзсіз. Олар соққы бердік, осымен болды деп ойламасың; жоқ, әрекетті олар бастады және соғыска жол ашты.
Біз олардың өздері жасаған осы үлкен қылмыстан аман-есен құтылуына жол бермейміз; Әрине, Ислам республикасының қарулы күштері бұл зұлым дұшпанға ауыр соққы береді. Халық біздің қолдаушымыз, қарулы күштердің қолдаушысы және Ислам республикасы Алланың рұқсатымен сионистік режимді жеңеді.
Қымбатты халық, бұл тұрғыда ешқандай кемшілік болмайтынына сенімді болыңдар.
والسّلام علیکم و رحمةالله و برکاته