Пезешкиан Иран Телерадио бірлестігін аралады: Шындық дауысы өшпейді
(last modified Sat, 21 Jun 2025 21:05:36 GMT )
Маусым 22, 2025 03:05 Asia/Almaty
  • Пезешкиан Иран Телерадио бірлестігін аралады: Шындық дауысы өшпейді

ParsToday - ИИР президенті Махмуд Пезешкиан сенбі күні Иран Телерадио бірлестігіне барып, сионистік режим шабуыл жасаған Хабар ғимаратын аралады.

ИИР президенті Масуд Пезешкиан сенбі күні Телерадио бірлестігін аралаған кезде бірлестіктің бұл кезеңдегі жұмысына алғыс айтып: «Шындық дауысы өшпейді»,- деді. ParsToday мәліметінше, Иран президентінің қасында Телерадио бірлестігінің басшысы Пейман Джебели болды. Сионистік режим шабуылдарының жалғасында өткен дүйсенбіде ИИР Телерадио бірлестігінің ғимараттарының біріне шабуыл жасады.

Сионистер ИИР Телерадио бірлестігінің ғимараттарының біріне шабуылынан кейін бірлестік басшысы Пейман Джебели өз жолдауында: «Бұл шабуыл дұшпанның ақпарат құралдардың орталығы Иран Телерадио бірлестігін нысанаға алды. Иран халқының ақпарат құралдардағы батыл перзенттері айқын дауыспен: «Сионистік жау бастаған гибридтік соғыстағы ерік-жігеріміз екі есе артып, күпірлік майданың сәтсіздік ұшыратудан бас тартпаймыз»,- деп айтты.