Иранның ядролық ұстаздары мен зерттеушілері: Біз әртүрлі қорғаныс және ғылыми салаларда жиһадқа дайынбыз
ParsToday – Исламдық Ирандағы бір топ ядролық ұстаздар мен зерттеушілер мәлімдеме жасап, сионистік режим мен Американың қылмыстарын айыптап, әртүрлі қорғаныс және ғылыми салаларда жиһадқа дайын екендіктерін жариялады.
Исламдық Иранның бір топ ұстаздары мен зерттеушілері дүйсенбі күні мәлімдеме жасап, сионистік режим мен АҚШ-тың қылмыстарын айыптады. ParsToday агенттігінің хабарлауынша, мәлімдемеде былай деп айтылды:
بسم الله الرحمن الرحیم
Құран логикасы бойынша, Ислам революциясының нығметтері және имам мен халық арасындағы байланыстың арқасында илаһи пайғамбарлардың туын исламдық Иранның өркениетті елі көтеріп, ирандық халықты қымбатты әрі құрметті етті. Әлемнің үстемшіл державалары соңғы жарты ғасырда Иран халқына қарсы соғыс, санкциялар, қоқан-лоққылар, диверсия және лаңкестік сияқты зұлымдық жасағанымен, Ислам революциясы соңғы бірнеше онжылдықта аятолла Хаменеидің басшылығымен, әсіресе, ғылым мен технология саласында үлкен өзгерістер әкелді және күн сайын Иран халқы мен бұл ту биіктікте көтерілуде.
Енді әлемнің үстемшіл державалары, әсіресе қылмыскер Америка мен сионистік режим логика мен заңға қайшы, ядролық ғалымдар мен ғылым және технология жиһадшыларының қанын әскери қолбасшылардың қанымен бірге төкті.
Біз, Исламдық Иранның бір топ ядролық ұстаздары, әскери қолбасшылармен қатар, ғылыми жиһад саласындағы әріптестеріміздің төккен қанының құрметіне, осы жауынгерлердің туын биік ұстау үшін Сақшылар корпусының жасыл формасын киіп, қорғаныс немесе ғылыми саладағы жиһадқа дайын екенімізді мақтанышпен мәлімдейміз. Исламдық Иранның өркениетті елі ирандық-исламдық мәдениет пен Ашура негізінде әлемнің залымдар мен үстемшіл адамдарының алдында ешқашан тізе бүкпейтініне және олар бұл тілегін өздерімен қабірге алып кететініне сенімдіміз.