Президент: Эксперттер мәжілісі қиын- қыстау жағдайда халыққа сенімділік сыйлайды
ИИР президенті Эксперттер мәжілісін қиын- қыстау жағдайда халыққа сенімділік сыйлаушы орган деп атады.
«Хабар» арнасының ақпарат тарату торабының мәлімдеуінше, ИИР президенті Хасан Рухани Эксперттер мәжілісінің бесінші шақырылымының ашылуы отырысы аясында: "Эксперттер мәжілісінің міндеті тиісті уақытында жетекшіні Конституцияда келтірілгендей сайлап, халыққа таныстыру болып табылады" деді.
Рухани ИИР жүйесіндегі эксперттер мәжілісінің маңыздылығына сілтеме жасап: "Осы мәжіліс шын мәнінде халыққа қиын- қыстау жағдайда сенімділік сыйлайды. Эксперттер мәжілісімен шын мәнінде діни демократия көрініс береді; біріншіден барлық өкілдер халықтың қалаулылары болса, екіншіден олардың барлығы Бақылаушы кеңес мақұлдаған лайықты дін білгірлері болып табылады" деді.