Ирандық жасөспірім өнертапқыштар АҚШ-тың жаһандық жарыстарында жарқырады
ParsToday - Иранның жасөспірім ғылыми командалары Американың әлемдік жарыстарында жарқырап көрінді.
Иранның жасөспірімдері ғылыми командаларының басшысы Мәһди Рашиди-Джахан 2025 жылғы Американың ғылым және өнертабыстар көрмесіндегі ирандық командалардың жетістіктеріне тоқталып: «Бәсекенің осы кезеңінде ирандық командалар инновациялық және ғылыми жобаларды ұсынып, 13 түрлі-түсті медаль, оның ішінде 3 алтын, 4 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды»,- деп иәлімдеді.
ParsToday ақпарат агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Мәһди Рашиди-Джахан 2025 жылғы Американың халықаралық ғылым және өнертабыстар көрмесіндегі ирандық жас өнертапқыштардың жарқырауына тоқталып: «Инновациялар мен өнертабыстар саласындағы ең беделді жаһандық оқиғалардың бірі ретінде бұл көрме АҚШ-та 2025 жылдың 15-22 тамызы аралығында әлемнің түкпір-түкпірінен элиталар мен студенттік командалардың кеңінен қатысуымен өтті»,- деді.
Ол осы кезеңде АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және Иран сияқты көрнекті елдерді қоса алғанда, 46 елден 177 команда қатысқанын айтып: «Бұл көрме Google және Microsoft сияқты ірі технологиялық компаниялардың қолдауымен өтті және жас ұрпақтың өнертабыстарын, идеяларын және ғылыми жетістіктерін көрсету үшін құнды платформа болды», - деді.