Иран мен Қытайдың 25 жылдық жан-жақты келісімі: біржақтылықты жеңу жолы
ParsToday – Иран мен Қытай президенттері Масуд Пезешкиан мен Си Цзиньпин кездесіп, екі ел басшыларының ынтымақтастықты кеңейтудегі мүмкіндіктері, негіздері мен ерік-жігеріне тоқталып, олардың болашаққа, соның ішінде 25 жылдық жан-жақты келісімді барынша іске асыруға, қарым-қатынас деңгейін көтеруге мүдделі және дайын екендіктерін баса айтты.
Сейсенбі, қыркүйектің 2-сі күні Қытай төрағасымен кездесуінде Иран президенті: «Біз екі ел арасындағы 25 жылдық жан-жақты келісімнің барлық ережелерін жүзеге асыру үшін ынтымақтастыққа дайынбыз және қажетті тетіктерді іздестіру арқылы мақсатты және ақылды прагматизмді күн тәртібіне қоя аламыз»,- деді.
Пезешкиан Иран-Қытай қарым-қатынастарын барынша жоғары деңгейге көтеру үшін кез келген жағдайда екі елдің ынтымақтастығын жалғастыруға елінің дайын екеніне тоқталып: «Біржақты саясатын жалғастыру және дамыту үшін Америка Құрама Штаттары өзіне әртүрлі елдерге басып кіруге рұқсат береді және бұл тұрғыда ешбір шекті білмейді» деді.
Бұл кездесуде Қытай төрағасы да болашақты көздей отырып, Иранмен қарым-қатынасын дамытуға дайын және ынталы екенін қуаттап: «Екі ел арасындағы бұрынғы келісімдердің жүзеге асуын жеделдетуді жалғастыруға болады, Қытай Иранмен әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтарды кеңейтуге дайын және мүдделі»,- деді. Си Цзиньпин Иран Ислам Республикасына жасалған шабуылды халықаралық қағидалар мен құқықтық ережелерді ашық бұзу деп сипаттап: «Күш ешқашан мәселелерді шешудің жолы емес» деді.
Қытай төрағасы: «Иран біздің стратегиялық серіктесіміз, біржақтылыққа қарсы тұру үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымын нығайту үшін бірге байыпты жұмыс істеуіміз керек»,- деп қосты.
Си Цзиньпин сондай-ақ елінің әділдікті ұстанатынын және Иранның ядролық қаруды бейбіт мақсатта пайдаланудағы заңды құқықтарын мойындайтынын айтып: «Соңғы жылдары АҚШ пен Батыс елдерінің санкцияларына қарамастан, біз ынтымақтастықты жалғастыру үшін негіз жасадық және қазіргі уақытта барлық салада, әсіресе, көлік саласындағы қарым-қатынастарымызды кеңейтуге дайынбыз»,- деп мәлімдеді.
Қытайлық әріптесінің шақыруымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 25-ші саммитіне мен Шанхай плюс, сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 80 жылдығына арналған қарулы күштердің парадына қатысу үшін елге барған Иран президенті сапарын аяқтағаннан кейін Бейжіңнен Теһранға оралды.
Иран мен Қытай президенттері кездесуінде экономикалық, саяси және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық пен 25 жылдық жан-жақты келісімді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. Иран мен Қытай арасындағы 25 жылдық жан-жақты келісімнің орындалуы бірнеше стратегиялық тұрғыдан ерекше маңызды болып табылады. Бұл келісім ұзақ мерзімді ынтымақтастық құжаты ғана емес, сонымен бірге АҚШ пен Батыс үкіметтерінің санкциялары мен қысымдары дәуіріндегі Иранның халықаралық әрекеттестіктерінің жаңа жолын белгілей алады.
Иран Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қосылу арқылы аймақтық транзиттік хабқа айналуы мүмкін. Келісім мұнай, газ, мұнай-химия, көлік, инфрақұрылым және технология салаларына Қытайдың ауқымды инвестициясын қамтиды. Иран Қытайдың қаржы ресурстары мен технологиясын жоғары жылдамдықтағы теміржол және автомобиль жолдары сияқты мега жобаларды дамыту үшін пайдалана алады.
Қытай АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларына бірнеше рет қарсылығын білдіріп, Иранның ядролық саладағы заңды құқықтарын қолдады. Бұл ынтымақтастық Иранға Батыс қысымы жағдайында балама экономикалық және дипломатиялық жолдар табуға көмектесуі мүмкін. Қытай Иранды өзінің «стратегиялық серіктесі» санайды және барлық салада, соның ішінде сауда мен аймақтық қауіпсіздікте қарым-қатынастарды кеңейтуді қалайды. Бұл келісім екі елдің қарым-қатынасын берік стратегиялық одақ құруға дейін көтере алады.
Иран мен Қытай Шанхай Ынтымақтастық Ұйымында тығыз ынтымақтасады және осы келісімнің орындалуы Иранның осы ұйымдағы рөлін күшейте алады. 25 жылдық жан-жақты келісімнің жүзеге асуы Иранның тәуелсіз елдермен көбірек және жан-жақты ынтымақтастықтары арқылы тұрақты даму, экономикалық тәуелсіздік және жаһандық ықпалдастық жолын одан да күштірек жалғастыруға көмектесе алады.
Пезешкианның Қытай төрағасымен кеңесуі Теһран мен Бейжің билігінің экономикалық, саяси және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты жеделдету және кеңейту жөніндегі байыпты шешімділігін көрсетеді, бұл аймақтық және жаһандық оқиғаларға да әсер етеді.