Аракчи: Катармен түсініспеушілік шешілді. Катар шенеуніктерімен нәтижелі келіссөздер
https://itolqyn.com/news/iran-i81266
ParsToday - ИИР Сыртқы істер министрі Доханың «Әш-Шарқ» газетіне берген сұхбатында Катар қайраткерлерімен өткен келіссөздерін өте жемісті, байыпты және пайдалы деп сипаттап: «Бақытымызға орай, екі ел арасында ешқандай келіспеушілік жоқ және туындаған түсінбеушілік осы сапармен толығымен жойылды»,- деді.
(last modified 2025-09-06T16:49:23+00:00 )
Қыр 06, 2025 14:29 Asia/Almaty
  • Аракчи: Катармен түсініспеушілік шешілді. Катар шенеуніктерімен нәтижелі келіссөздер

ParsToday - ИИР Сыртқы істер министрі Доханың «Әш-Шарқ» газетіне берген сұхбатында Катар қайраткерлерімен өткен келіссөздерін өте жемісті, байыпты және пайдалы деп сипаттап: «Бақытымызға орай, екі ел арасында ешқандай келіспеушілік жоқ және туындаған түсінбеушілік осы сапармен толығымен жойылды»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи жексенбі күні толық мәтіні жарияланатын Дохадағы «Әш-Шарқ» газетіне берген сұхбатында Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Танимен кездесуінің нәтижелерін жоғары бағалап: «Бұл кездесуде мен Иран Президентінің ауызша жолдауын Катар Әмірлігіне жеткіздім және бұл кездесу өте маңызды болды»,- деді. Әңгімеде Иран мен Катар арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, әсіресе АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына шабуылынан кейін Иранның Катардағы әл-Удейд базасына жасаған шабуылдарынан кейін туындаған түсінбеушілік қарастырылды.

Арақчи Катар әмірімен, сондай-ақ Катардың Премьер-министрі және Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдулрахман Әл Танимен өткен келіссөздердің өте жемісті, байыпты және пайдалы болғанын баса айтты. Ол былай деп қосты: «Бұл кездесуде біз екіжақты қарым-қатынастар мен оған қатысты соңғы оқиғалардан бастап көптеген мәселелерді талқыладық. Бақытымызға орай, екі ел арасында ешқандай келіспеушілік жоқ, туындаған түсінбеушілік те осы сапармен толығымен шешілді».

Иран Сыртқы істер министрі: «Біз сондай-ақ аймақтық тұрақтылыққа қол жеткізудің шешімдерін, әсіресе Израиль режимінің үстемдігі мен аймақтық елдерге қарсы агрессиясына қарсы тұруда қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін аймақ елдері арасындағы диалогты қайта бастауды талқылап, пікір алмастық»,- деді.

Арақчи сондай-ақ: «Бұл отырыста Иранның ядролық бағдарламасы да жан-жақты талқыланды және мен Катар әміріне осы мәселеге қатысты соңғы оқиғаларды түсіндірдім. Катардағы достарымыз әрқашан жақсы көзқараста болды және біз бұл мәселелер жөнінде әрқашан пікір алмастық. Бұл кездесуде құнды кеңестер өтті»,- деп қосты. Иран Сыртқы істер министрі бейсенбі күні Катар қайраткерлерімен кездесіп, талқылау үшін елге барды.