Амир Хатами: Иран 12 күндік соғыста Батыс пен НАТО технологиясымен соғысты
https://itolqyn.com/news/iran-i81284
ParsToday - ИИР армиясының бас қолбасшысы: «Иран 12 күндік соғыста Батыс пен НАТО технологиясының мәнімен соғысты»,- деді.
(last modified 2025-09-08T13:20:59+00:00 )
Қыр 08, 2025 15:05 Asia/Almaty
  • Амир Хатами: Иран 12 күндік соғыста Батыс пен НАТО технологиясымен соғысты

ParsToday - ИИР армиясының бас қолбасшысы: «Иран 12 күндік соғыста Батыс пен НАТО технологиясының мәнімен соғысты»,- деді.

Иран Ислам Республикасы армиясының бас қолбасшысы генерал-майор Амир Хатами қолбасшылар, жауынгерлер және ұшқыштар құрамында армияның әртүрлі бөлімшелерін аралаған соң 12 күнге созылған соғыс кезінде сионистік режимнің басқыншылығына қарсы Иран халқының қарсыласуына тоқталып: «Иран армиясы, қорғаныс және әуе күштерінен бастап Басидж және Революция Сақшыларына және жалпы жұртшылыққа дейін соңғы таңылған соғыста даланың ортасында болды және исламдық Иран тарих бойы мақтаныш болып қалуы үшін шынайы мағынада шайқасты және қарсыласты». ParsToday ақпарат агенттігінің ИРНА-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Амир Хатами: «Дұшпанның негізгі сылтауы ядролық мәселе болды, бірақ оның далада істегені және жасағысы келгені олардың бастапқы уәждерінен әлдеқайда өзгеше және дұшпанның Иранға қарсы егжей-тегжейлі жоспары бар екенін көрсетті»,- деп мәлімдеді.

12 күндік таңылған соғыста дұшпанның негізгі мақсаттарына жете алмағанын айтқан Амир Хатами жаудың таңылған соғыс кезіндегі кейбір мақсаттарына тоқталып, былай деп айтты: «Дұшпан исламдық Иранның ядролық мүмкіндігін толығымен жоюды көздеді, бірақ ол мұны істей алмады, өйткені ядролық энергетика - бұл отандық ғылым мен технология. Оны жою мүмкін емес».

ИИР Армиясының бас қолбасшысы: «Дұшпан 12 күнге созылған соғыста Иранның зымырандық мүмкіндіктерін жоюды көздеді, бірақ бұл орындалмады және Иранның қарулы күштері соңғы сәтке дейін зымырандық қуатымен дұшпанды тізе бүктірді»,- деп қосты.