Имам Хаменеи: Сионистік режим - әлемдегі ең оқшауланған және ең жеккөрінішті режим
https://itolqyn.com/news/iran-i81286
ParsToday – Ислам революциясының жетекшісі сионистік режимді әлемдегі ең оқшауланған және ең жеккөрінішті режим деп атады.
(last modified 2025-09-08T13:20:59+00:00 )
Қыр 08, 2025 15:27 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи: Сионистік режим - әлемдегі ең оқшауланған және ең жеккөрінішті режим

ParsToday – Ислам революциясының жетекшісі сионистік режимді әлемдегі ең оқшауланған және ең жеккөрінішті режим деп атады.

Имам Хаменеи жексенбі күні Иран президенті және министрлер кабинетімен кездесуінде қарғыс атқан сионның ұятсыз жария етіп іске асырып жатқан көптеген қылмыстары мен таңғаларлық апаттарына тоқталып: « Бұл қылмыстар АҚШ сияқты державаның қолдауымен жасалса да, бұл жағдайға қарсы тұрудың жолы жабылған жоқ»,- деп баса айтты. ParsToday хабарлауы бойынша, Ислам революциясының жетекшісі: «Наразы елдер, әсіресе ислам елдері сионистік режиммен сауда байланыстарын, тіпті саяси қарым-қатынастарын толығымен үзіп, оқшаулауы керек»,- деп қосты.

Ол сионистік режимді әлемдегі ең оқшауланған және ең жеккөрінішті режим деп атап: «Біздің дипломатияның негізгі бағыттарының бірі үкіметтерді осы қылмыстық режиммен сауда және саяси қарым-қатынастарын үзуге ынталандыру болуы керек»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі осы отырыста президентке, ресми тұлғаларға, басқарушыларға және Иран үкімет кешенінің белсенді қызметкерлеріне, әсіресе 12 күндік соғыс сынағы кезінде сөздің шын мағынасында құрбандықтарға барған мекемелерге ризашылығын білдіре отырып, Президенттің мотивациясы, рухы және өнімді жұмысын жоғары бағалады. Ол: «Президенттің Қытайға сапары әлеуетті экономикалық-саяси негіздер әкелді және бұл тиімді нәтижелерді жалғастыру керек», - деп айтты.

Имам Хаменеи сондай-ақ ұлттық қуат пен ұлттық абыройдың құрамдас бөліктерін нығайтуды үкіметтердің міндеті деп санап, былай деді: «Осы факторлардың ең маңыздысы – ұлттың рухы, жігері, бірлігі, үміті сөзбен, іспен жасалып, нығайып, әлсіреуіне жол бермеу керек».