Наурузи: Тәуелсіз БАҚ-тың әділдік үшін үндеуін зымыранмен тоқтату мүмкін емес
https://itolqyn.com/news/iran-i81346-Наурузи_Тәуелсіз_БАҚ_тың_әділдік_үшін_үндеуін_зымыранмен_тоқтату_мүмкін_емес
ParsToday – Иран Телерадио бірлестігінің Шетелге ақпарат тарату бөлімінің басшысы Газада палестиналық журналистердің өлтірілуі мен Теһрандағы Иран Телерадио бірлестігінің орталық ғимаратына жасалған шабуылға қатысты үнсіздікке тоқталып: «Бұқаралық ақпарат құралдарының иммунитетін қолдау және қорғау үшін заңды жұмыс тобын құру өте маңызды»,- деді.
(last modified 2025-09-15T13:42:55+00:00 )
Қыр 15, 2025 16:02 Asia/Almaty
  • Наурузи: Тәуелсіз БАҚ-тың әділдік үшін үндеуін зымыранмен тоқтату мүмкін емес

ParsToday – Иран Телерадио бірлестігінің Шетелге ақпарат тарату бөлімінің басшысы Газада палестиналық журналистердің өлтірілуі мен Теһрандағы Иран Телерадио бірлестігінің орталық ғимаратына жасалған шабуылға қатысты үнсіздікке тоқталып: «Бұқаралық ақпарат құралдарының иммунитетін қолдау және қорғау үшін заңды жұмыс тобын құру өте маңызды»,- деді.

ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Телерадио бірлестігінің Шетелге ақпарат тарату бөлімінің басшысы Ахмад Наурузи Моңғолияның астанасы Ұлан-Баторда өткен Азия-Тынық мұхиты радио және телевидениесінің жыл сайынғы бас ассамблеясында БАҚ өкілдерінің дауысын өшіруге болмайтынын баса айтты: «Күш, басқыншылық, отаршылдық дискурсынан ада тәуелсіз БАҚ-тың әділдікке үндеген үнін зымыранмен өшіру мүмкін емес. Керісінше, жалынның өзі бүгінгі әлемдегі қуат теңдеулері мен транзакцияларының жағымсыз және адамгершілікке жатпайтын бейнесін жеткізе алатын ең үлкен хабар болып табылады».