Пезешкиан: Ислам елдері бірлікті сақтай отырып, сионистік режиммен байланыстарын үзуі керек
ParsToday - Ислам елдерінің сионистік режимнің әрекеттеріне жауап ретінде бірлігі мен ынтымағын арттыруы керектігіне тоқталып: «Ислам елдері экономикалық, мәдени және әлеуметтік салалардағы практикалық шаралар арқылы бір-бірімен бірлікте болуы және сионистік режиммен байланыстарын үзуі керек» деді.
Иран Президенті Масуд Пезешкиан дүйсенбі күні Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы мен Араб Лигасының сионистік режимнің Дохаға шабуылы мәселесіне арналған төтенше саммитіне қатысу үшін Катарға аттанар алдында былай деді: «Сионистік режим өзі үшін ешқандай негізді мойындамайды және АҚШ-тың қолдауымен көптеген исламдық елдерге, соның ішінде Катар, Ирак, Иран, Ливанға шабуыл жасады; қалаған ісін жасайды. Өкінішке орай, АҚШ пен Еуропа елдері де бұл әрекеттерді қолдайды».
ИИР Президенті: «Израиль режимі Газа секторында геноцид жасап, әйелдерді, балаларды және қарттарды өлім жазасына кесуде, өкінішке орай, Батыс елдері сионистік апартеид режиміне қолдау көрсету және қамтамасыз ету арқылы бұл әрекеттерді заңдастырып жатыр»,- деп айтты.
Пезешкиан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы мен Араб Лигасының төтенше саммитінің нәтижелеріне үміт арта отырып, былай деді: «Ислам елдері сионистік режимнің әрекеттеріне қарсы бірлігі мен ынтымағын арттырып, осы режимнің қылмыстарын халықаралық және құқықтық алаңдарда жариялауға талпынуы керек. Ислам елдері экономикалық, мәдени және әлеуметтік салалардағы практикалық шаралар арқылы бір-бірімен бірлікте болуы және сионистік режиммен байланыстарын үзуі керек».
ParsToday агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, сейсенбі күні (9 қыркүйек) кешке Израиль ұшағы Катардың әуе кеңістігін бұзып, ел астанасы Доханың Катара ауданында Халил әл-Хайя бастаған ХАМАС жоғары лауазымды делегациясының кездесуі өтетін орынды бомбалады.
Осы мақсатта кеше Дохада ИИР Сыртқы істер министрінің қатысуымен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің отырысы сионистік режимнің Катарға қарсы әскери басқыншылық мәселесін қарастыру үшін өтті. Бұл кездесу бүгін, дүйсенбіде Иранның Ислам президенті Масуд Пезешкианның қатысуымен өтетін Ислам-Араб саммитіне кіріспе болды.