«Роболегал»; Иранның алғашқы робот заңгері
ParsToday – Иранның бір топ сот қызметкерлері мен заңгерлерінің қатысуымен «Robolegal» деп аталатын Иранның алғашқы робот-адвокатының тұсауы кесілді; оның дизайнерлерінің пікірінше, бастапқыда халыққа заңгерлік кеңес беру үшін пайдалануға болатын технология.
Дүйсенбі күні кешке Парсиан Эстеглал қонақүйінде бір топ ирандық сот қайраткерлері мен заңгерлерінің қатысуымен ирандық инновациялар мен технология белсенділері Мәһди Исмаили мен Мұхаммад Вахеди әзірлеген «Robolegal» атты Иранның алғашқы робот заңгері таныстырылды. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Robolegal дизайнерлерінің бірі Мәһди Исмаили салтанатты рәсімде: «Бұл жүйе Иранның құқықтық мәселелеріне негізделген жасанды интеллект арқылы қайта оқытылды, сондықтан құқықтық сұрақтарға нақты жауап беру мүмкіндігі бар»,- деді.
Ол жоспарға сәйкес «Robolegal» жүйесінің бірінші беті қарапайым құрастырылғанын және бұл қарапайым дизайнның себебі кез келген құқықтық білім деңгейіндегі барлық пайдаланушылар, тіпті құқықтық сауаттылығы жоқ адамдар да бұл технологияны пайдалана алатынын айтты.
Иранның алғашқы робот заңгерінің тағы бір жаңашылы Мұхаммад Вахеди салтанатты рәсімде: «Жеке және әлеуметтік қарым-қатынастардың дамуы, тәжірибелік, экономикалық, білім беру және өнер ғылымдарының дамуы құқық ғылымында өзгерістерге әкеліп соқтырған қазіргі жағдайда жасанды интеллектті құқық саласында қолдану маңызды болды»,- деді.
Ол: «Бұл технологиялық роботтың бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен барлық құжаттар мен сот жазбаларын талдау мүмкіндігі бар», - деді.