Лариджани: Батыс шынайы келіссөз жүргізгісі келмейді; Хизболла - тамыры терең қозғалыс
https://itolqyn.com/news/iran-i81524-Лариджани_Батыс_шынайы_келіссөз_жүргізгісі_келмейді_Хизболла_тамыры_терең_қозғалыс
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «Батыс Теһранға қысым жасауды көздеп отыр және шынайы келіссөздерге барғысы келмейді»,- деді.
(last modified 2025-10-04T13:01:13+00:00 )
Қаз 04, 2025 15:39 Asia/Almaty
  • Лариджани: Батыс шынайы келіссөз жүргізгісі келмейді; Хизболла - тамыры терең қозғалыс

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «Батыс Теһранға қысым жасауды көздеп отыр және шынайы келіссөздерге барғысы келмейді»,- деді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани: «Батыс пен Израиль Иранға экономикалық қысым жасалса, әлеуметтік дағдарыстар туындауы мүмкін және бұл жағдайда Иранмен оңай есеп айырысуға мүмкіндік болады деп санайды»,- деп айтты.

ParsToday-дің Tasnim агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Лариджани Батыстың Иранға қысым жасауды көздеп отырғанын айтып: «Америкалық тарап зымырандарыңыздың қашықтығы 500 километрден төмен болуы керектігін ашық түрде айтса, бұл оның нақты келіссөздер жүргізгісі келмейтінін көрсетеді» деді.

Ол Батыс тараптарының  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы (JCPOA) келісімінің ережелерін орындамағанына тоқталып: «Әуелі АҚШ, содан кейін еуропалықтар бұл келісімді бұзды, енді олар Иранды бұзды деп айыптауда»,- деп қосты.

 

Хизболла – тамыры тереңде жатқан қозғалыс

Лариджани сөзін былай деп жалғастырды: «Хизболланың соққы  көргенін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ менің ойымша, дұшпанның бізден де көбірек ойлайтыны бір жайт: бұл қозғалыстың тамыры тереңде жатыр, өйткені оның артында идеологиялық ой бар және ол күрес жолымен жүреді. Бұл қозғалысқа қысым жасалғанда оның мүмкіндіктері одан әрі ашылады және бұл жолдағы интеллектуалдық күрестің әдісі жойылмайды».

 

Батыстың мақсаты – аймақта Израильдің үстемдігін орнату

Ол: «АҚШ, Израиль және Батыс елдері негізінен аймақтың геосаясатын өзгертуге уақыттары шектеулі деген қорытындыға келген сияқты және қарсыласу қозғалысы тиімді болып отырған қазіргі жағдайда геосаясаттың маңызды ерекшеліктерін де назардан тыс қалдырмайды.  Олардың мақсаты – әртүрлі елдердегі қарсылықты жою және Израильдің үстемдігін орнату. Дегенмен, Израильдің үстемдігі шектеулермен бетпе-бет келетінін атап өткен жөн. Үстемдіктің қабылдануы үшін әдетте интеллектуалдық, экономикалық немесе технологиялық гегемония болуы керек, бірақ бұл сипаттамалардың ешқайсысы Израильде айтарлықтай байқалмайды»,- деді.