Сақшылар корпусының өкілі Наини әскери басшысы шәһид болды
https://itolqyn.com/news/iran-i83268-Сақшылар_корпусының_өкілі_Наини_әскери_басшысы_шәһид_болды
ParsToday – Ислан революциясының Сақшылар корпусы осы әскери мекеменің қоғамдық байланыстар орынбасары және өкілі әскери басшы Әли Наинидің шаһид болғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-20T21:22:12+00:00 )
Нау 21, 2026 01:23 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусының өкілі Наини әскери басшысы шәһид болды

ParsToday – Ислан революциясының Сақшылар корпусы осы әскери мекеменің қоғамдық байланыстар орынбасары және өкілі әскери басшы Әли Наинидің шаһид болғанын хабарлады.

ParsToday-дің хабарлауынша, Ислам революциясы Сақшылар корпусы хабарламасында Сақшылар корпусының қоғамдық байланыстар орынбасары мен өкілінің шәһид болуына көңіл айтып: «Бұл батыр әрі еңбекқор әскери басшының қырық жылдан астам уақыт бойы қызметі жыһад пен жанкештілік тарихында ерекше және мәңгілік бейне қалдырды», – деп баса айтты.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының хабарламасында Сақшылар корпусының қоғамдық  байланыстар орынбасары және өкілі әскери басшы Әли Наинидің шәһид болуына қатысты: «Мәдениет пен БАҚ саласындағы жиһадшының мақтанышты шәһид болуы, Сақшылар корпусының қоғамдық байланыстар орынбасары және өкілі, генерал Әли Мұхаммад Наини америкалық-сионистік террористік шабуылында Рамазанның соңғы күнінде сәресі кезінде шәһид болды. ИИР Бүкіл Қарулы күштерінің Бас қолбасшы, шәһидтің құрметті отбасына, революцияның ержүрек басшылары мен сақшыларына, БАҚ өкілдеріне, сондай-ақ Кашан өлкесінің шәһид тәрбиелеген халқына көңіл айтамыз»,- деп айтылды.

Осы хабарламаның жалғасында: «Бұл батыр әрі еңбекқор әскери басшының қырық жылдан астам уақыт бойы Ислам революциясын қорғау салаларындағы, әсіресе 8 жылдық таңылған соғысының үгіт-насихат саласындағы, Қасиетті қорғаныстың құжатталуы мен баяндауы, соңғы екі жылдағы Сақшылар корпусының өкілдігі және «Шын уәде 2, 3 және 4» операцияларында жүргізген қызметтері жиһад пен жанкештілік тарихында ерекше және мәңгілік бейне қалдырды. Оның «жұмсақ соғыс» салаларындағы пікірлері мен тиімді үлгілері Сақшылар корпусы мүшелері мен офицерлеріне империалистерге қарсы бағдар болады» делінген.