Керманшах жұма намазының сүннит имамы: Режим саяси қиыншылықта
https://itolqyn.com/news/iran-i81608-Керманшах_жұма_намазының_сүннит_имамы_Режим_саяси_қиыншылықта
ParsToday – Иранның батысындағы Керманшах қаласының жұма намазының сүннит имамы: «Жаһандық зұлымдыққа қарсы оянуы сионистік режимді саяси екіталай күйге қалдырды»,- деді.
(last modified 2025-10-12T12:21:10+00:00 )
Қаз 12, 2025 17:02 Asia/Almaty
  • Керманшах жұма намазының сүннит имамы: Режим саяси қиыншылықта

ParsToday – Иранның батысындағы Керманшах қаласының жұма намазының сүннит имамы: «Жаһандық зұлымдыққа қарсы оянуы сионистік режимді саяси екіталай күйге қалдырды»,- деді.

ParsToday ақпарат агенттігінің «Тақриб» интернет сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, Иранның батысындағы Керманшах қаласының сүннит  имамы Мамоста Мулла Абдолрахман Моради былай деді: « Зұлымдық пен басқыншылыққа қарсы жаһандық ояну сионистік режимді саяси және әлеуметтік тығырыққа тіреді, тіпті басып алынған жерлердің ішіндегі халықтар да осы режимнің соғысты қоздырушы саясаттарынан әбден шаршады».

Мамоста Моради: «Газадағы атысты тоқтату келісімі Палестина халқының табандылығы мен қарсыласуы, Қарсыласу майданының талпыныстары және әлемнің азат елдерінің қолдауының нәтижесі болып табылады, олар ағарту арқылы сионистік режимнің шынайы бет-бейнесін ашып, оны қолдайтын үкіметтерге қысым жасады»,-деді. Ол: «Дүние жүзінің мұсылмандары бірлік пен саналылықпен зұлымдық пен басқыншылыққа қарсы тұрып, иманды күшейту арқылы әлемде бейбітшілік пен руханияттың кең таралуына жол ашуы керек», - деп баса айтты.