Теһран жұма намазы: «Әл-Ақса дауылы» Палестина қарсыласуының қырағы операциясы болды
https://itolqyn.com/news/iran-i81660-Теһран_жұма_намазы_Әл_Ақса_дауылы_Палестина_қарсыласуының_қырағы_операциясы_болды
ParsToday – Теһрандағы жұма намазының имамы: «Шәһид Яхья Синвар «әл-Ақса дауылы» операциясын жоспарлау арқылы сионистік режимнің барлау және қауіпсіздік құрылымын талқандады».
(last modified 2025-10-18T13:22:34+00:00 )
Қаз 18, 2025 15:04 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазы:  «Әл-Ақса дауылы» Палестина қарсыласуының қырағы операциясы болды

ParsToday – Теһрандағы жұма намазының имамы: «Шәһид Яхья Синвар «әл-Ақса дауылы» операциясын жоспарлау арқылы сионистік режимнің барлау және қауіпсіздік құрылымын талқандады».

ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Теһрандағы жұма намазының имамы  сейіт Мұхаммад Хасан Әбуторабифард: «Әл-Ақса дауылы» операциясы сионистік дұшпанның байланыс және радар жүйелерін бұзу арқылы қарсыласу күштерінің басып алынған жерлердің жүрегіне еніп, сионистік режимге ауыр соққы берді» деді.

Әбуторабифард: «Осы тарихи оқиғадан екі жыл өткен соң сионистік режим терең құрылымдық және басқаруға келмейтін дағдарыстармен бетпе-бет келіп отыр және бұл жағдайлар тіпті АҚШ пен оның одақтастарын Катар астанасы Дохада бұрын қастандық жасауды жоспарлаған адамдармен келіссөздер жүргізуге мәжбүр етті»,- деп қосты.

Теһран жұма намазының имамы екі жылдық соғыс кезінде АҚШ, палестиналық басқыншылар және олардың одақтастары Газаның қарсыласқан халқына қарсы бұрын-соңды болмаған қылмыстардың ұзақ тізімін жасады деп атап көрсетті. Ол: «Хан Юнис, Рафах, Джабалия, Бейт әл-Илахия және Дейр әл-Баланы жаппай бомбалау, 70 мыңнан астам бейкүнә әйелдер, ерлер мен балаларды қырып салу, барлық халықаралық адам құқығы заңдары мен конвенцияларының бұзылуы осы қылмыстардың қатарына жатады» деді.

Теһран жұма намазының имамы Әбуторабифард: «Осы кең ауқымды қылмыстарға қарамастан, Палестина халқының қарсыласуы мен қарсыласу осі сионистік режимді талқандап, ақырында атысты тоқтатуға әкелді және АҚШ президенті Дональд Трамп та Беньямин Нетаньяхуды Газа батпағынан құтқару үшін алаңға шықты»,-деп қосты.

Теһран жұма намазының имамы: «Бүгін әлем Палестина халқының даңқты қарсыласуы мен табандылығына құрметпен қарайды және сионистік ақпарат құралдары Хамас пен басқа да топтардың болат ерік-жігері алдында өзінің стратегиялық жеңіліске ұшырағанын мойындады және ислам әлемі географиясының бұл мақтан тұтар бөлігі шыедықтың жалғандықты жеңуінің  символы болып табылады»,-деді.

Әбуторабифард сөзінің соңында: «Сионистік режимнің аймақтағы және әлемдегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, қауіпсіздік және әскери дағдарыстары осы режимнің болашағын белгісіздікке айналдырған терең сынақтар тудырды»,-деді.