Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің вице-спикері: Сионистер сотталуы керек
ParsToday - Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасының орынбасары Палестина мәселесінің Ислам әлемі үшін бірінші кезектегі мәселе екенін айта келе: «Сионистер соңғы екі жылда Газа секторында жасаған қылмыстары үшін сотталуы керек»-, деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің вице-спикері Хамид Реза Хаджи Бабаи Женевадағы Парламентаралық Ассамблея аясында Палестина Парламенті төрағасының орынбасары Муса Хадидпен кездесіп, әңгімелесті. ParsToday басылымының хабарлауынша, Ислам Кеңесі Мәжілісінің вице-спикері Палестина ислам әлемінің бірінші мәселесі екенін айтып, былай деді: «Сионистер соңғы екі жылда Газада жасаған қылмыстары үшін сотталуы керек».
Хаджи Бабаи ИИР-ның ұсынысы сол жердің бастапқы тұрғындарының дауыс беруі негізінде астанасы Иерусалим болып табылатын Палестина мемлекетін құру екенін айтып, былай деп қосты: «Американдықтар мен сионистік режим халықаралық құқықты ұстанбайды. Шын мәнінде, американдықтар мен сионистер бірдей, себебі сионистік режим Америка Құрама Штаттарының рұқсатынсыз ештеңе істемейді».
Израиль Кнессетінің Батыс жағалауын аннексиялау туралы қарарының халықаралық заңдылығы жоқ
Сонымен қатар, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік комиссиясының мүшесі Салар Велаятмадар сионистік режимнің шығу тегін заңсыз деп санап, Иордан өзенінің батыс жағалауын елді мекендерді кеңейту мақсатында аннексиялауды айыптап: « Сионистік режимнің Кнессеті заңсыз парламент болып табылады және оның қарарларының халықаралық заңдылығы жоқ», - деді.
Иранның ғылыми жетістіктері жауларын ренжітеді және ызаландырады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Заң және сот комиссиясының мүшесі Салман Заре Иранның ғылыми жетістіктері әрқашан жауларын ренжітіп, ызаландырғанын айтып: «Америка мен Батыс ирандық ғалымдарды жою және дарындарға соққы беру үшін әр жолы жаңа саясат пен әртүрлі әдіс қолданады, бірақ ғылыми тамырлар жойылған жоқ және олардың орнына жаңа ғылыми тұлғалар келеді», - деп қосты.
Трамптың бейбітшілігі саяси қауіптер мен қысымшылық жағдайларын енгізуге негізделген
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төралқа мүшесі Аббас Папизаде Баленган: «Ақ үй шенеуніктерінің ИИР-мен бейбітшілік орнатудағы ұстанымы экономикалық блокада, саяси қауіптер және қысымшылық жағдайларын енгізуді білдіреді», - деді.