Ислам революциясы жетекшісінің Гана Президентімен кездесуінде сөйлеген сөзі
(last modified Mon, 15 Feb 2016 09:06:21 GMT )
Ақп 15, 2016 15:06 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің Гана Президентімен кездесуінде сөйлеген сөзі

Ислам революциясының жетекшісі Сирия мәселесіндегі ИИР-ның тұрақты саясатын бейбітшілікті қолдау деп атады.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жексенбі күні Гана Президенті Джон Драмани Махама және оның қасындағы жоғары деңгейлі делегациямен кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Иран әрқашан Сирия мәселесінің бұл елдің халқының мүддесіне аяқталуын қолдады және елдің сыртынан Сиря халқына дәрмен болатын нұсқаны ұсынуға болмайды деп санайды. Америкалықтар мен еуропалықтар Сирия халқының тағдырын анықтай алмайды. Сирия халқының өзі шешім қабылдауы керек»,- деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі көптеген дамыған қару-жарақ пен ақша лаңкестердің қолына қалай түседі деген сұрақ қойып: «Барлық мәселелердің тамыры АҚШ басқарған үстемшіл үкіметтерден басталады. Сионистік режим де абыройсыздықтың көрінісі»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі сонымен бірге Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бері Иранның Африка елдерімен достық қарым-қатынастарын дамытып келе жатқанынан тоқталып: «Үстемшіл мемлекеттер Иран мен Африканың достық қарым-қатынастарына қарсы. Олар қақтығыстар мен соғыстардың бастаушысы және лаңкестік топтарды жабдықтаушылар. Батыс Азия мен Африкадағы лаңкестік топтарды АҚШ, Ұлыбритания және сионистік режимнің барлау ұйымдары тәрбиелеген»,- деді.