Бақаи: Иранның үш аралға егемендігіне күмән жоқ
ParsToday - Иранның үш аралы туралы бірнеше рет айтылған пікірлерге реакйия ретінде Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі: «Тарихи, заңды және шын мәнінде Иранның бұл аралдарға егемендігіне күмән жоқ», - деді.
Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің Иранның үш аралы туралы бірнеше рет айтқан мәлімдемелеріне реакция ретінде Бақаи былай деді: «Иранның аралдардағы ұстанымы айқын. Тарихи, заңды және шын мәнінде Иранның аралдарға егемендігіне күмән жоқ. Бұл мәлімдеме бұрынғы мәлімдемелердің қайталануы болып табылады және біз мұндай мәлімдемені қабылдамаймыз. Әрбір ирандық ұлттық егемендікке сезімтал. Парсы шығанағы елдеріне біздің кеңесіміз - жауды, сионистік режимді асырамайтындай әрекет ету. Біз ұлттық егемендікті міндетті түрде билікпен қорғаймыз».