Ислам революциясының жетекшісі: Иран халқы тарихта қалатын күнді тіркеп, жаулардың жобасын сәтсіздікке ұшыратты
ParsToday- Аятолла Хаменеи: «Иран халқы өз ерік-жігері және болмысын дұшпандарға көрсетті және бұл АҚШ саясаткерлеріне ескерту болды»,- деп баса айтты.
ParsToday мәліметі бойынша, Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи өз жолдауында Иранның ұлы халқына 22 дей шеруіне жаппай қатысуына алғыс айтты.
Ислам революциясының жетекшісінің Иран халқына жолдауының мәтіні:
بسم الله الرّحمن الرّحیم
Иранның ұлы халқы!
Бүгін үлкен жұмыс жасадыңдар және тарихта қалатын күн тіркедіңдер. Бұл ерік-жігерге толы шеру жергілікті жалдамалылардың қолымен жүзеге асырылмақ болған шетелдік жаулардың жобасын сәтсіздікке ұшыратты.
Иран халқы өз ерік-жігері және болмысын дұшпандарға көрсетті және бұл АҚШ саясаткерлеріне айлакерлілігін тоқтату және қылмыскер жалдамалыларға сүйенбеу туралы ескерту болды.
Иран халқы күш-қуатты, хабардар және жауды таниды, сондай-ақ барлық сахналарға қатысады.
Баршаңызға Алланың мейірімі жаусын.
Сейед Әли Хаменеи
22 дей 1404ж. (12.01.2026)