Ислам революциясының жетекшісі: Иран халқы тарихта қалатын күнді тіркеп, жаулардың жобасын сәтсіздікке ұшыратты
https://itolqyn.com/news/iran-i82520-Ислам_революциясының_жетекшісі_Иран_халқы_тарихта_қалатын_күнді_тіркеп_жаулардың_жобасын_сәтсіздікке_ұшыратты
ParsToday- Аятолла Хаменеи: «Иран халқы өз ерік-жігері және болмысын дұшпандарға көрсетті және бұл АҚШ саясаткерлеріне ескерту болды»,- деп баса айтты.
(last modified 2026-02-04T12:02:58+00:00 )
Қаң 13, 2026 15:19 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Иран халқы тарихта қалатын күнді тіркеп, жаулардың жобасын сәтсіздікке ұшыратты

ParsToday- Аятолла Хаменеи: «Иран халқы өз ерік-жігері және болмысын дұшпандарға көрсетті және бұл АҚШ саясаткерлеріне ескерту болды»,- деп баса айтты.

ParsToday мәліметі бойынша, Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи өз жолдауында Иранның ұлы халқына 22 дей шеруіне жаппай қатысуына алғыс айтты.

 

Ислам революциясының жетекшісінің Иран халқына жолдауының мәтіні:

بسم الله الرّحمن الرّحیم

Иранның ұлы халқы!

Бүгін үлкен жұмыс жасадыңдар және тарихта қалатын күн тіркедіңдер. Бұл ерік-жігерге толы шеру жергілікті жалдамалылардың қолымен жүзеге асырылмақ болған шетелдік жаулардың жобасын сәтсіздікке ұшыратты.

Иран халқы өз ерік-жігері және болмысын дұшпандарға көрсетті және бұл АҚШ саясаткерлеріне айлакерлілігін тоқтату және қылмыскер жалдамалыларға сүйенбеу туралы ескерту болды.

Иран халқы күш-қуатты, хабардар және жауды таниды, сондай-ақ барлық сахналарға қатысады.

Баршаңызға Алланың мейірімі жаусын.

Сейед Әли Хаменеи

22 дей 1404ж. (12.01.2026)