Женева келіссөздері: Иран мен АҚШ келіссөздер жүргізу нұсқаулары бойынша келісті
https://itolqyn.com/news/iran-i82828-Женева_келіссөздері_Иран_мен_АҚШ_келіссөздер_жүргізу_нұсқаулары_бойынша_келісті
ParsToday - Женева келіссөздері келісімнің мәтіндік жобасын жасау кезеңіне өтті, Иран мен АҚШ келіссөздер жүргізу нұсқаулары бойынша келісті.
(last modified 2026-02-18T12:25:36+00:00 )
Ақп 18, 2026 16:24 Asia/Almaty
  • Женева келіссөздері: Иран мен АҚШ келіссөздер жүргізу нұсқаулары бойынша келісті

ParsToday - Женева келіссөздері келісімнің мәтіндік жобасын жасау кезеңіне өтті, Иран мен АҚШ келіссөздер жүргізу нұсқаулары бойынша келісті.

ParsToday-дың  Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттінгіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иранның Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи сейсенбі күні Женевада Иран мен АҚШ арасындағы жанама келіссөздердің екінші кезеңі алдыңғы кезеңге қарағанда конструктивтірек атмосферада өткенін және екі тарап келіссөздерді  жүргізу қағидаттары бойынша жалпы келісімге келгенін; бұл келісім ықтимал келісімнің мәтінін қайта қарау кезеңіне өтуге жол ашты деп мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрі бұл келіссөздер жанама түрде Женевадағы Оман елшілігінде өткенін мәлімдеп, техникалық консультациялар дүйсенбіде басталғанын және Халықаралық Атом Қуаты Агенттігінің бас директоры Рафаэль Гроссидің қатысуымен мамандандырылған кездесулер өткенін қосты.

Арақчи былай деп атап өтті: «Бұл раундта өте байыпты талқылаулар жүргізілді, әртүрлі идеялар қарастырылды және сайып келгенде, кейбір басшылыққа алынатын қағидаттар бойынша жалпы келісімге қол жеткізілді».

Иран дипломатиялық қызметінің басшысы келіссөздердің осы кезеңінің нәтижелеріне тоқтала отырып: «Алдыңғы кездесумен салыстырғанда жақсы ілгерілеушілікке қол жеткізілді, енді келіссөздер үшін айқын жол бар», - деді. Арақчи басшылық қағидаттар бойынша келісім тез арада түпкілікті келісімге қол жеткізуді білдірмейтінін, бірақ келіссөздерді жалғастыру үшін нақты негіз қалағанын түсіндірді.