Арақчи: ЮНЕСКО-ның Иранның тарихи ескерткіштеріне жасалған шабуылға қатысты үнсіздігін қабылдауға болмайды
Нау 13, 2026 07:31 Asia/Almaty
ParsToday- Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи былай деп жазды: «ЮНЕСКО-ның Иранның тарихи ескерткіштеріне жасалған шабуылға қатысты үн қатпауын қабылдауға болмайды».
ParsToday-дің хабарлауынша, Аббас Арақчи Х әлеуметтік желісінде: «Израиль Иранның 14 ғасырға дейінгі тарихы бар ескерткіштерін бомбалап жатыр. ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген бірнеше нысандарға шабуыл жасалды», - деп жазды.
Ол былай деп қосты: «Тіпті бір ғасыр өмірі жоқ режимнің ежелгі тарихы бар халықтарды жек көруі табиғи. Бірақ туындайтын сұрақ: ЮНЕСКО қайда? Оның үнсіздігін қабылдауға болмайды».
Тегтер