Лариджани: Трамптың ақылы Иран халқының еркі мен батырлығына жетпейді
https://itolqyn.com/news/iran-i83146-Лариджани_Трамптың_ақылы_Иран_халқының_еркі_мен_батырлығына_жетпейді
ParsToday- Иранның Жоғары Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы: «Трамптың ақылы жетпейді; ол Иран халқының батыр және берік ерікті халық екенін білмейді. Ол қаншалықты көп қысым жасаса, Иран халқының еркі соншалықты күшейеді»,-  деп баса айтты.  
(last modified 2026-03-13T13:42:19+00:00 )
Нау 13, 2026 18:36 Asia/Almaty
  • Лариджани: Трамптың ақылы Иран халқының еркі мен батырлығына жетпейді

ParsToday- Иранның Жоғары Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы: «Трамптың ақылы жетпейді; ол Иран халқының батыр және берік ерікті халық екенін білмейді. Ол қаншалықты көп қысым жасаса, Иран халқының еркі соншалықты күшейеді»,-  деп баса айтты.  

ParsToday-дің хабарлауынша, Иранның Жоғары Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әли Лариджани жұма күні Тегеранда өткен Қудс күні шеруіне қатысып, берген сұхбатында: «Трамптың ақылы жетпейді және ол Иран халқының батыр, күшті және берік ерікті халық екенін білмейді. Ол қаншалықты көп қысым жасаса, Иран халқының еркі соншалықты күшейеді»,-деді.

Ол «Сионистік режимнің Құдс күні шерушілерінің жолына шабуыл жасауының себебі неде?» деген сұраққа: «Сионистік режимнің шабуылдары қорқыныш пен үмітсіздіктен; олардың халықтың шеруіне шабуыл жасауы олардың әлсіздігін көрсетеді»,- деп жауап берді.