Иран әуе кеңістігінде АҚШ армиясының F35 ұшағы нысанаға алынды
ParsToday- АҚШ армиясының F35 ұшағы Иран әуе кеңістігінде нысанаға алынды.
ParsToday-дің мәліметінше, Ислам революциясы Сақшылар корпусы қоғамдық қатынас бөлімі: «Бүгін таңғы сағат 2:50-де Иранның орталық әуесінде АҚШ армиясының стратегиялық F35 жойғыш ұшағы Сақшылар корпусының заманауи әуе-ғарыш қорғаныс жүйесімен нысанаға алынып, ауыр зардар шекті. Бұл қырғи ұшақтың тағдыры белгісіз, тексеріліп жатыр және оның құлау ықтималы жоғары»,- деп хабарлады.
Сақшылар корпусы былай деп қосты: «Иран қорғаныс жүйелері АҚШ-тың және сионистік басқыншылардың 125-тен астам дрондарын сәтті атып түсіргеннен кейін, бұл ұшақты анықтау елдің біріккен қорғаныс жүйелерінде тиімді және мақсатты өзгерістердің бар екенін көрсетеді».