Иранның Ормуз бұғазындағы күш-құдыреті: Барбадост туы астындағы алып кеме шегінді
https://itolqyn.com/news/iran-i83258-Иранның_Ормуз_бұғазындағы_күш_құдыреті_Барбадост_туы_астындағы_алып_кеме_шегінді
ParsToday – Барбадосттың туын көтерген алып мұнай тасымалдаушы кеме Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусының операциялық бөлімшелерімен бетпе-бет келгеннен кейін шегінуге мәжбүр болды.
(last modified 2026-03-20T18:28:01+00:00 )
Нау 20, 2026 07:30 Asia/Almaty
  • Иранның Ормуз бұғазындағы күш-құдыреті: Барбадост туы астындағы алып кеме шегінді

ParsToday – Барбадосттың туын көтерген алып мұнай тасымалдаушы кеме Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусының операциялық бөлімшелерімен бетпе-бет келгеннен кейін шегінуге мәжбүр болды.

ParsToday-дің хабарлауынша, Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусының баспасөз қызметі «Шын уәде 4» операциясының №44 хабарламасында былай деп мәлімдеме жасады: «Аймақтың ең сезімтал қауіпсіздік кезеңдерінің бірінде Ормуз бұғазы тағы да Иранның өріс күг-қуатын көрсету алаңына айналды. Бұл жерде 160 мың тонна мұнай тасымалдауға қабілетті Барбадосттың туын көтерген алып мұнай тасымалдаушы кеме жарияланған шектеулерді елемей, Иранның еркіне қарсы шығуға тырысты. Теңіздегі арандату мен қорқытумен басталған бұл әрекет небәрі бірнеше минуттан кейін Иран күшінің алдында асығыс шегіне бастады.

Өрістегі деректер мен теңіз карталарынан алынған суреттер негізінде, бұғаздан өту жолын ұстаған бұл мұнай тасымалдаушы Иран операциялық бөлімшелерінің ескерту режиміне көшуі және әрекет ету позициясына орналасуы салдарынан кенет жолын өзгертіп, толық бұрылып, аймақтан қашып кетті. Бұл кенеттен бұрылу тек техникалық маневр емес, Ормуз бұғазын басқарудағы Иранның күш-қуатын нақты мойындау болды. Бұл мойындауға ешқандай мәлімдеме немесе талдау жасалмастан, әлемдік қоғамдастықтың назарына түсті.