1405 жыл - «Ұлттық бірлік пен ұлттық қауіпсіздік аясындағы қарсыласу экономикасы» жылы
https://itolqyn.com/news/iran-i83266-1405_жыл_Ұлттық_бірлік_пен_ұлттық_қауіпсіздік_аясындағы_қарсыласу_экономикасы_жылы
ParsToday – Ислам революциясы жетекшісі 1405 жылды «Ұлттық бірлік пен ұлттық қауіпсіздік аясындағы қарсыласу экономикасы» жылы деп атады.
(last modified 2026-03-20T18:28:01+00:00 )
Нау 20, 2026 21:03 Asia/Almaty
  • 1405 жыл - «Ұлттық бірлік пен ұлттық қауіпсіздік аясындағы қарсыласу экономикасы» жылы

ParsToday – Ислам революциясы жетекшісі 1405 жылды «Ұлттық бірлік пен ұлттық қауіпсіздік аясындағы қарсыласу экономикасы» жылы деп атады.

ParsToday-дің хабарлауынша, Ислам революциясы жетекшісі аятолла Сейед Моджтаба Хұсеини Хаменеи жаңа 1405 жыл басталуына байланысты жолдауында бірқатар мәселелерді айтты. Жолдау мәтіні:

Аса Қамқор және Мейірімді Алланың атымен

بسم‌الله الرحمن الرحیم

یا مقلب القلوب والابصار یا مدبّر اللیل و النهار یا محوِّل الحول و الاحوال، حَوِّل حالَنا الی احسن الحال

 

Биыл рухани көктем мен табиғат көктемі, яғни Ораза айт пен ежелгі Наурыз мерекесі бір-бірімен тұспа-тұс келді. Осы екі діни және ұлттық мерекемен елдің әрбір азаматын құттықтаймын, әсіресе Құтты Ораза айтпен бүкіл мұсылман әлемін құттықтаймын. Сондай-ақ Ислам жауынгерлерінің айқын жеңістерімен баршаны құттықтаймын және екінші таңылған соғыс, қаңтар айының төңкерісінің, үшінші таңылған соғыстың жоғары дәрежелі шәһидтері, қауіпсіздік пен шекара қорғаушыларының шәһидтері, белгісіз шәһид жауынгерлер отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, қайғымді білдіремін.

 

Шамси күнтізбесінің 1405 жылының келуіне байланысты бірнеше ойымды  айтамын:

Алдымен өткен жылдың кейбір маңызды оқиғаларына қысқаша тоқталамын. Өткен жылы біздің қымбат халқымыз үш әскери, қауіпсіздік соғысын бастан өткерді. Бірінші шайқас – маусым айы соғысы болды, сионистік жау АҚШ-тың арнайы көмегімен келіссөздер кезінде әділетсіз шабуыл жасап, еліміздің ең үздік әскери басшылары мен ғалымдарын, содан кейін шамамен 1000 отандасымызды шәһид етті. Дұшпан осы халық бір немесе екі күннен кейін исламдық жүйені құлатады деп ойлап, қателесті. Бірақ сіздердің халықтың қырағылығы, Ислам жауынгерлерінің теңсіз ержүректілігі және көптеген жанкештілік арқасында оның дәрменсіздігі тез байқалды және арағайындықты пайдалану мен шабуылдарды тоқтатуымен өзін құтқарды.

Екінші шайқас – қаңтар айы төңкерісі болды, АҚШ пен сионистік жүйе Иран халқы экономикалық мәселелер әсерінен жау қалауын жүзеге асырады деп ойлап, өз жалдамалыларын пайдалана отырып, көптеген қылмыстар жасады және бұрынғы соғысқа қарағанда көбірек отандасымызды шәһид етіп, үлкен шығындар келтірді.

Үшінші шайқас – біз қазір оның ортасында тұрған соғыс, оның бірінші күні үмбеттің мейірімді әкесі, ұлы жетекшімізді, Алла оның мәртебесін жоғарылатсын, көп ықыласпен шәһидтер керуенін басқарып, шынайы достары мен шәһидтер қатарында көзіміз жасқа толы, жүректеріміз қайғыға толы түрде соңғы сапарына шығарып салдық. Сонымен қатар сол күнінен бастап осы соғыстың басқа шәһидтері, соның ішінде Минабтың «Шаджара Таиба» мектебінің оқушылары, «Дена» фрегатының батыл және мансапсыз жұлдыздары, Сақшылар корпусы, армия, полиция күштері, Басидж және белгісіз жауынгерлер, батыл шекара қорғаушылары және халықтың барлық топтары, кішкентай және үлкендер де нұрлы керуенге қосылып, біздің алдымыздан өтті, оларды өкінішпен шығарып салдық. Бұл соғыс дұшпанның халықтың оларды қолдамауына көзі жеткен соң, жүйенің басшысын және кейбір әскери қолбасшыларды шәһид ету арқылы халық арасында қорқыныш пен үмітсіздік тудырады және халықтың сахнадан кетуіне себеп болып, Иранға үстемдік етеді және содан кейін оны бөлу арманын жүзеге асырады деп ойлады. Бірақ сіздер осы мұбарак айда ораза мен жиһадты біріктіріп, ел аумағына тең кең қорғаныс сызығын және алаңдар, тұрғын үйлері мен мешіттер санына тең берік қорғандар дайындап, оған соққы бердіңіздер; сондықтан ол ақыл-ойдың әлсіздігі мен түсініктің жоқтығының белгісі болатын көптеген қайшы немесе бос сөздер айтуға кірісті.

Сіздер 22 дейде төңкерісті тоқтатыңыздар, 22 бахманда әлемдік империализмге қарсылығыңыз бен оған қарсы тұруға шаршамайтындарыңды қайта көрсеттіңіздер және 22 эсфандта, Құдс күні оған соққы беріп, оның ісі тек зымыран, ұшқышсыз ұшақ, торпеда және  әскери мәселелермен шектелмейтінін түсіндірдіңіздер. Иранның алдыңғы шебі оның төмен және шектеулі ойынан әлдеқайда үлкен. Мен осы жерде қымбат халықтың әрбір азаматына осы ұлы эпосты жасағаны үшін алғыс  айтамын; сондай-ақ батыл, шынайы және халыққа жақын президентке, сонымен бірге  осы үлкен жиында адамдар арасында болған басқа жауапты тұлғаларға. Осылай жұмыс істеу және оны көрсету өз алдына өте лайық нәрсе болуы мүмкін, ол халық пен билік басшылары арасындағы бірлікті күшейтеді. Қазір арасында діни, ойлау, мәдени және саяси салаларындағы айырмашылықтарына қарамастан сіздер отандастар  бірлігінің әсерінен дұшпан сәтсіздікке ұшырады. Мұны Алла Тағаланың ерекше нығметі деп білу керек және тіл, жүрекпен және іс-әрекетте де оған шүкірлік ету керек. Бұл бұзылмайтын ереже: қашан нығметке шүкірлік айтылса, шүкірлік мөлшеріне сай оның тамыры нығаяды немесе жоғары көтеріледі және шүкірші адамға көбірек мейірімдер жіберіледі. Қазір іс-қимыл шүкірлігі үшін қажет нәрсе – осы ұлы нығметті тек Алла Тағаланың мейірімі деп білу және мүмкіндігінше оны жақсы пайдалану. Осылайша бұл бірлік одан да күшейіп, болаттай болады және дұшпандарыңыз қорлық көреді.  Бұл 1404 жылдың кейбір маңызды оқиғаларына шолу болды. 

Енді 1405 жыл қарсаңында тұрғанда, біз бірнеше нәрсемен бетпе-бет келдік. Біріншісі – қымбат қонағымыз 1447 жылғы мұбарак Рамазан айын шығарып салуымыз. Сіздердің жүректеріңіз Қадір түнінде жоғарғы әлемге бағытталып, Мейірімді Алланы көмекке шақырдыңыздар  және Ол да Сіздерге мейірім көзқарасын бағыттады. Сіздер Имамымыздан (хазірет Мәһди) (ғ.с.) – Алла оның уақытын жақындатсын – және Оның Алласынан жеңіс, табыс, амандық және барлық нығметтерді сұрадыңыздар және әрқашан осы жүйеге және осы халыққа көрсеткен мейіріміне байланысты, Иншаалла, сіздердің шын жүректен  сұраған тілектеріңіз қабыл болып, сұрағандарыңызды немесе одан да жақсысын аласыздар. Рамазан айын шығарып салумен бірге, адамдардың тани білімі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қатты және қайғылы болады. Біз шаууал айын жылы карсы алып,  қорқыныш және үмітпен Алла Тағаланың сыйые күтеміз. Үміттенемін, сіздер қымбат халықтың түнде және күндіз міндетті түрде жиындарға жаппай қатысуларын және Құдс күнінің эпосын жасауынан кейін, Алла Тағала біз бен сіздерге төзімділігі, кешірімі және мейірімімен бізге қарайды және жақсы жаңалықпен тез арада жүректерлі қуанышқа толтырады, ол арқылы әлем халқына барлық жақсылықтар түседі – Оның мейірімі мен кеңшілігімен.

Біз бетпе-бет келген басқа нәрсе – ежелгі Наурыз мерекесінің маңыздылығы. Табиғаттың жаңаруына, сергектік және өмір сыйға тартатын мереке, қуаныш пен шаттыққа толы тамаша мереке.

Бір жағынан жалпы халық үшін бұл біздің шәһид жетекшіміз және басқа жоғары дәрежелі шәһидтердің арамыздан кетуіне бірінші жыл. Әсіресе шәһидтер отбасылары мен жақындарының жүректері қайғыға толы. Осы уақытта мен қарапайым азамат ретінде, айналамда бірнеше адам шәһид болған жағдайда біз қайғы киімдерін киіп, жүректеріміз шәһидтер үшін қайғы мен мұң ұясы болғанына қарамастан, осы күндерде біздің жаңа келіндеріміз бен жаңа күйеу балаларымыз отбасы құратынан қуанамыз және Иншаалла, осы соғыстың шәһид жетекшіміз және басқа ұлы шәһидтердің дұғасы осы қымбат жандардың жолын қолдайды және жалпы халыққа осы күндердің әдеттегі отбасылық басқосуларында шәһидтердің артынан қалған жақындарына құрмет сақтап, олардың жағдайын ескере отырып өткізуді ұсынамын; әрі әр аудан халқы қажетті келісім жасалса және мүмкін болса, жаңа жылдағы өзара кездесулерін сол жердің шәһидтерін құрметтеуден бастаса дұрыс болар еді. Әрине, Құрметті үкімет қымбат көсеміздің шейіт болуына байланысты белгілеген уақыт өз орнында қалады және оны сақтау мен құрметтеу осы жүйенің және елдің ұлылығының бұрышы деп саналады.

Осы сөздерден кейін басқа қысқа ойлар бар  

Біріншіден, осы күндерде алаңдарда, көшелерде және мешіттерде жиналып қоғамдық рөлдерін күшейте түсу үшін қосымша күш салып жатқан адамдардаға ерекше алғыс айтуым керек. Олардың ішінде мемлекеттік және жеке өндірістік бірліктер, қызмет көрсету салалары, әсіресе халыққа тегін пайдалы қызметтер көрсететін адамдар бар және Алхамдулиллах, мұндай адамдар көп.

Екіншіден, дұшпанның жолының бірі – оның БАҚ әрекеттері, ол осы күндерде халықтың ақыл-ойы мен психологиясын нысанаға алып, ұлттық бірлікке, содан кейін ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді көздейді. Біз сақ болуымыз керек, кейде салғырттық пен біздің өз қолымызбен бұл жаман ниет жүзеге аспасын. Сондықтан еліміздің ішкі БАҚ-ына ой-пікір, саяси және мәдени айырмашылықтары болса да, әлсіз тұстарды талқылаудан толық бас тартуын ұсынамын. Әйтпесе дұшпан мақсатына жету мүмкіндігі бар.  

Үшіншіден, дұшпанның үміт жарығы – ерте заманнан қалыптасқан экономикалық және басқару әлсіздіктерін пайдалану. Біздің шәһид жетекшіміз – Алла оның мәртебесін жоғарылатсын – бірнеше жылдар бойы жылдың негізгі осі мен ұранын экономика мәселесіне бағыттады. Менің ойымша да халықтың күнкөрісін қамтамасыз ету, өмір сүру және әлеуметтік инфрақұрылымдарды жетілдіру, халық үшін байлық өндіру – дұшпан бастаған экономикалық соғысқа қарсы қорғаныс және тіпті айқын алға жылжу түрі. Менің табыстарымның бірі – әлеуметтік топтардан халықтың сөздерін есту мүмкіндігі. Мысалы, бір уақытта мен өзім сұраған таксимен Тегеран көшелерінде сіздермен бірге жүріп, сөздеріңізді тыңдадым және бұл көптеген сауалнамалардан жоғары деп есептедім. Көп жағдайда сіздердің әдетте экономикалық және басқару жақтарына қатысты сын пікірлермен айтылатын сөздеріңізге келісемін. Осы тұста сіздерден көп нәрсе үйрендім және әлі де жаңа білімдер іздеп жүрмін. Мысалы, мұбарак Рамазанның 19 күнінен бұрын және кейін алаңдарда болған сіздердің әртүрлі адамдарынан да үйрендім. Үміттенемін, осы нәзіктіктен айырылмаймын. Осы үйренулерден, естулерден және басқа зерттеулерден кейін тиімді және сарапшылық нұсқау жоспарын дайындауға күш салынды, ол мүмкіндігінше жан-жақты болуы керек, алхамдулиллах, қанағаттанарлық деңгейде жүзеге асты және жауапты жоғары лауазымдылардың барлық халық қатысуымен тез арада іске асыруға дайын болады, иншаалла.

Осы бөлімнің соңында жоғары мәртебелі шәһид жетекшіге сілтеме жасап, биылғы ұранды «Ұлттық бірлік пен ұлттық қауіпсіздік аясындағы қарсыласу экономикасы» деп жариялаймын.

Төртіншіден және соңында, мен бірінші мәлімдемеде көрші елдермен қарым-қатынас туралы жүйенің көзқарасы мен саясаты туралы айтқаным – бұл ауыр және шынайы мәселе. Біз көршілік элементтен бөлек, нақтырақ айтқанда, бүгінде барлығының басы — ислам дінің ортақ тақырыптары және сондай-ақ кейбірінде мұсылмандардың қасиетті жерлері мен киелі орындардың болуы, басқаларында көптеген ирандықтардың тұрғын және жұмысшы ретінде тұруы, ортақ этнос немесе бір тілде сөйлесу немесе ортақ стратегиялық мүдделер, әсіресе империяшылық майданға қарсылық  — әрқайсысы жеке-жеке өздерінің орнында жақсы қарым-қатынасты нығайтуға қабілетті екенін білеміз. Мысалы, шығыс көршілерімізді өте жақын деп санаймыз. Мен ерте заманнан Пакістан туралы білетінмін, ол біздің шәһид жетекшімізге ерекше қызығушылық танытатын ел. Мысалы, өмірге қауіп келтірген қирауыш сел үшін намаз уағызында жеткшінің жаңашырлығы. Мен де әртүрлі себептермен әрқашан солай ойлап, әртүрлі отырыстарда оны білдіруден бас тартпадым. Осы жерде екі бауырлас ел – Ауғанстан мен Пакістанға Алла разылығы үшін және мұсылмандардың бірлігін бұзбау үшін де болса, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатуын сұраймын және өз үлесіммен қажетті әрекеттерге дайынмын.

Сондай-ақ айта кетейін дегенім, бізбен жақсы қарым-қатынастағы Түркия мен Оманда осы елдердің кейбір нүктелеріне қарсы жасалған шабуылдар Иран Ислам Республикасының Қарулы күштері және қарсылық майданы басқа күштері тарапынан болмады. Бұл сионистік дұшпанның «жалған ту» жобасы арқылы Иран Ислам Республикасы мен көршілері арасын арандату үшін қолданатын айла-амал және басқа елдерде де болуы мүмкін. Осы бөлімге қатысты қалған мәселелерді бұрын айтқанмын.

Имамымыздың (ғ.с.) дұғасымен – Алла оның уақытын жақындатсын – және Жоғары Иесінің мейірімімен біздің халық үшін, барлық көршілер үшін, мұсылман халықтар үшін және әсіресе қарсылық майданының жауынгерлері үшін жеңіспен, барлық материалдық және рухани нығметтерге толы жақсы жыл және Ислам мен адамзат дұшпандары үшін мұндай емес жыл болады деп үміттенемін.

  وَ نُرِیدُ اَن نَمُنَّ عَلَی الَّذینَ اسْتُضْعِفُوا فِی الْاَرْضِ وَ نَجْعَلَهُمْ اَئِمَّهً وَ نَجْعَلَهُمُ الْوَارِثِینَ وَ نُمَکِّنَ لَهُمْ وَ نُرِیَ فِرْعَوْنَ وَ هَامَانَ وَ جُنُودَهُمَا مِنْهُم ما کانُواْ یَحْذَرُون. صدق‌ الله العلی العظیم و صدق رسوله الکریم و نَحنُ عَلی ذلکَ مِنَ الشّاهدین.

و السلام علیکم و رحمه الله و برکاته

Сейед Моджтаба Хұсейни Хаменеи

29/12/1404

2026/03/20