Рухани ислам кеңесі мәжілісінің оныншы шақырылымының ашылу рәсімінде баяндама жасады
(last modified Sat, 28 May 2016 16:44:09 GMT )
Maм 28, 2016 22:44 Asia/Almaty
  • Рухани ислам кеңесі мәжілісінің оныншы шақырылымының ашылу рәсімінде баяндама жасады

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Заң шығару билігін халықтың әкімшілігі мен қоғамдық бақылаудың белгісі және елдің түрлі бөлімдерін байланыстырушы орын деп атады.

ИИР президенті Хасан Рухани ислам кеңесі мәжілісінің оныншы шақырылымының ашылу рәсімінде: «Иран халқы өзге биліктер мен ислам кеңесі мәжілісінің бірге болуын қалайды» деді.

Рухани Иран үкіметінің халықтың жұмыспен шұғылдануы мен салауатты өмір сүруі және экономиканың өсуі мен дәуірлеуі үшін жасап жатқан талпыныстарына тоқталып: «Халықтың жұмыспен шұғылдануы мен салауатты өмір сүруі және қоғамда кедейлікті жоюға экономиканың өсуі мен дәуірлеуі үшін екі есе талпыныс жасаудан басқа жол жоқ» деді.

ИИР президенті Иранның биыл экономиканың 5 пайыздық өсуіне жететіндігін баяндай келе: «Экономиканы басты бағдарға қоюмен және қарсыласу экономикасы саясатын күшіне енгізумен Иран қолайлы өсімге қол жеткізеді. Қарсыласу экономикасы саясатында 5 пайыздық өсуді жүзеге асыру үшін қуатталған тиісті мәселелердің бірі шетелдік қордан 30- 50 млрд доллар қаржының енгізілуі болып табылады» деді.

Иран президенті оныншы мәжіліс пен Иран үкіметінің қарсыласу экономикасын күшіне енгізу жөнінде экономикалық дипломатияның қабілеттерін тиімді пайдалана алатынын қуаттады.