Иран Телерадио бірлестігінің басшысы ел Президентінің қабылдауында болды
(last modified Sun, 29 May 2016 08:25:36 GMT )
Maм 29, 2016 14:25 Asia/Almaty
  • Иран Телерадио бірлестігінің басшысы ел Президентінің қабылдауында болды

ИИР Президенті Иран Телерадио бірлестігінің ауыр жауапкершілігін халық пен үкімет арасындағы байланысты дамытып, өзара сенімді тереңдету деп атады.

ИИР Президенті Хасан Рухани сенбі күні Иран Телерадио бірлестігінің басшысы Абдулали Әли Аскаримен кездесуінде осы ұйымның Қасиетті қорғаныс жылдарындағы ұлы жетістіктері, халықты біріктіру мен қоғамдық мобилизацияны қамтамасыз ету жолындағы сындарлы әріптестігіне тоқталып: «Иран Телерадио бірлестігі ұлттық ақпарат құралы ретінде халық пен үкімет арасындағы байланысты дамытып, өзара сенімді тереңдету саласында ауыр жауапкершілікке ие»,-деп қуаттады.

ИИР Президентінің аппараты ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, Иран Телерадио бірлестігінің басшысы: «Бірлестік үкіметті қолдауды өзінің ұйымдық міндеті, ал үкіметті әлсіретуді халыққа зиян тигізу деп санайды»,-деді.

Иранның ұлттық ақпарат ұйымының басшысы Иран Телерадио бірлестігі мен үкіметтің ең маңызды ортақ міндетін қарсыласу қозғалысы саясатын ілгерілету және өндірісті дамытып, жұмыс орындарын ашу жолында әрекет ету деп атап: «Осы аяда ұлттық ақпарат құралы өз бағдарламаларында экономиканы нығайту, шағын және орта өндірушілерді қолдауды байсалды түрде ілгерілететін болады»,-деп қуаттады.