Зариф: Ядролық келісім - дипломатиялық жетістік
https://itolqyn.com/news/iran-i892
Иран Сыртқы істер министрі Иран мен «алтылық» елдерінің ядролық келісімін дипломатия табысқа жеткен санаулы жайттардың бірі деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 16, 2016 20:40 Asia/Almaty
  • Зариф: Ядролық келісім - дипломатиялық жетістік

Иран Сыртқы істер министрі Иран мен «алтылық» елдерінің ядролық келісімін дипломатия табысқа жеткен санаулы жайттардың бірі деп атады.

СІМ-нің ақпараттық дипломатия орталығының мәлімдеуінше, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф «Egmont» зерттеу кеңсесінде (Бельгия СІМ- нің саяси зерттеулер кеңсесі) сөйлеген сөзінде өткен он жылдықтардағы Еуропадағы жойқын соғыстарды тілге тиек етіп: «Осыған сәйкес Еуропа Иран мен БҰҰ- ның Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдер және еуропалық мемлекеттердің арасындағы ядролық келісімнің қадірін біледі.

Келіссөздер мен ядролық келісімнің нәтижесінде Батыс Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт сипатқа ие екендігіне көзі жетіп, Иранға қарсы санкциялардың күшін жойды. Қатыгездік пен әсірешілдікті бір елмен шектеуге болмайды, егер бүгін Сирия, Ирак, Ливия және Ауғанстан қатыгездік пен әсірешілдікпен бетпе-бет келіп отырса, қатыгездік пен әсірешілдік осы елдермен шектеледі және өзге аймақтарға тарамайды деп айтуға болмайды. ИСИМ және «ән- Носрат» тобын да бір елмен шектеледі деп ойламау керек» деді.