Иран Телерадио бірлестігінің басшысы Жоғары сот төрағасымен кездесті
https://itolqyn.com/news/iran-i8968
ИИР-ның Жоғары сот төрағасы: «Иран Телерадио бірлестігі өз бағдарламаларымен қоғамдағы қылмыстың алдын алу саласында маңызды рөл атқарады»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 07, 2016 15:05 Asia/Almaty

ИИР-ның Жоғары сот төрағасы: «Иран Телерадио бірлестігі өз бағдарламаларымен қоғамдағы қылмыстың алдын алу саласында маңызды рөл атқарады»,- деді.

Иранның Жоғары Соты аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күні Иран Телерадио бірлестігінің басшысы Абдулали Әлиаскаримен кездесуінде: «Телерадио бірлестігі халықты азаматтық құқықтармен таныстыру саласында маңызды рөл атқарып, өзінің бағдарламаларымен көптеген құқықтық және сот мәселелерінің алдын ала алады»,- деді. Иран Телерадио бірлестігінің басшысы Абдулали Әлиаскари де Иранның Жоғары Соты аятолла Садық Амоли Лариджанимен кездесуінен кейін: «Бұл бірлестіктің міндеті мен саясаты өз мақсаттарына жетуі үшін Иранның үштік билігімен ынтымақтастық жасап, келісімге келу және оларды қолдау болып табылады»,- деді.

Әлиаскари Иранның ұлттық ақпарат құралдарының халықты сот мәселелерімен таныстыруды өз міндеті деп санайтындығына тоқталып: «Қоғамдағы қылмыстың алдын алу мәселесіне қатысты ұлттық ақпарат құралдарында мәдени әрекеттер арттырылуы керек. Бұл салада Телерадио бірлестігі пен Сот билігінің арасындағы қарым-қатынастар кеңейеді»,- деп мәлімдеді.