Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері: "Сауд әулеті режимінің Йеменнің жазықсыз халқына қарсы қылмыстары мен аймақтағы лаңкестікке қолдау көрсету әрекеттері астамшылдар мен әлемдік сионизмнің мақсаттары шеңберінде атқарылуда" деді.
Аятолла Мұхаммад Әли Мовахеди Кермани Теһран жұма намазының осы аптадағы құтпаларында Сауд әулеті режимі тарапынан Йемендегі соғыс пен қантөгістің жалғасуына өкініш білдіріп: «Йемендегі әйелдер мен балалардың бүгінгі қырғыны геноцидтің ашық үлгісі болып табылады.
Сауд Арабиясы аймақтағы лаңкестік топтарды қаржылай және логистикалық жағынан қолдаумен АҚШ пен сионистік режимнің аймақтағы сұм саясаттарын жүзеге асыру үшін еш талпыныстан аянбайды.
Сауд Арабиясының аймақтағы ислам елдеріне қарсы қастық саясаты осы ел өзін «кесенелердің қызметшісі» деп атап отырған жағдайда іске асып отыр. Осындай бағыт- бағдар Сауд әулеті үшін құлау мен құрдымға кетуден өзге тағдыр сыйламайды» деді.
Теһран жұма намазының уақытша имамы сондай- ақ, Иранның түрлі саладағы ілгерілеушіліктеріне сілтеме жасап: «Үштік билік басшылары тілектестік және үйлесімділікпен елдегі қиыншылықтарды шешумен қоса, Иранның өсуі мен дамуы бағытында көбірек қадам жасауы керек» деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Иран халқы мен ислам республикасының басшыларына дұшпанның арбауына түспеуге, мәдени, саяси және экономикалық айдындарда АҚШ- тың Иранға қарсы астыртын әрекеттеріне қатысты қырағы болуға кеңес берді.