Иран теңіз күштерінің айбыны - елдің ұлттық мүддесінің кепілі
(last modified Sat, 11 Jun 2016 16:27:09 GMT )
Маусым 11, 2016 22:27 Asia/Almaty
  • Иран теңіз күштерінің айбыны - елдің ұлттық мүддесінің кепілі

ИИР армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы теңіз күштерінің әрекеттері және шараларымен Иранның мүдделері мен ресурстарына дұшпанның қолсұғушылық жасайтын мүмкіндігі қалмайтынын қуаттады.

ИИР армиясының теңіз күштерінің қолбасшысы контр-адмирал Хабиб Сайяри соңғы алты жыл ішінде үш мың мұнай танкері мен сауда кемесіне эскорт жасағандарын мәлімдеп: «Теңіз күштерінің арқасында дұшпанның елдің экономикасына соққы беру үшін жасаған талпыныстары сәтсіздікке ұшырады» деді. Контр-адмирал Сайяри Иран теңіз күштерінің айбынды құзырының нәтижелерінің бірін Иранның сауда-экономикалық ағымындағы кепілі деп атап: «Осы әрекеттердің нәтижесінде кейбір елдердің әуежайлары да сол қастандыққа қолдау танытқан дұшпанның Иранның экономикасына әуе арқылы нұсқан келтірудегі талпыныстары сәтсіздікке ұшырады» деді.