Лариджани: Үкімет және мәжіліс Американың артық талаптарынан сақ болсын
(last modified Sun, 12 Jun 2016 16:30:13 GMT )
Маусым 12, 2016 22:30 Asia/Almaty
  • Лариджани: Үкімет және мәжіліс Американың артық талаптарынан сақ болсын

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Иран үкіметі мен мәжілісін және «Ортақ қадам»» жан- жақты бағдарламасының орындалуын қадағалау кеңесін аса ыждағаттылықпен Америка мен кейбір елдердің артық талап қоюының алдын алуға шақырды.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жексенбі күнгі мәжілістің ашық отырысында: «Ядролық келіссөздердің түйінді, қиын және көп жақты келіссөздер болғанын және Иран Сыртқы істер министрі мен оның әріптестерінің бұл салада көп еңбек еткенін қабылдау керек.

Өткен бірнеше айда қалыптасқан кейбір айғақтар Американың ядролық атаумен ғана емес, өзге жолдар арқылы Иранға қысым жасауға бейімделіп отырған белгңлері болды. Сыртқы істер министрі мен оның әріптестері сақ болып, Американың артық талаптарының алдын алуы тиіс.

«Ортақ қадам»» жан- жақты бағдарламасынан кейінгі жағдайда Иранға инвестиция салу үшін тыныш кеңістік болуы қажет. Сонда отандық және шетелдік инвесторлар жұмысты бастауға ынта танытады» деді.