Руханидің діни жетекші елдің жүйе басшыларымен кездесуінде сөйлеген сөзі
(last modified Wed, 15 Jun 2016 08:37:04 GMT )
Маусым 15, 2016 14:37 Asia/Almaty
  • Руханидің діни жетекші елдің жүйе басшыларымен кездесуінде сөйлеген сөзі

ИИР Президенті «Ядролық мәселеге қатысты келіссөздерде Иран халқының ядролық құқығы бекітіліп, әділетсіз қарарлардың күші жойылды»,- деді.

ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні үштік билік пен елдің әртүрлі органдарының басшылары мен әскери қолбасшыларының Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеимен кездесуінде санкциялардың күшінің жойылуынан кейінгі бірінші жетістікті мұнай экспорты нарығына шығу деп атап, бұл салада Иранның санкцияларға дейінгі жағдайына жақындағанын мәлімдеді.

Рухани соңғы айларда күнделікті өндірілетін мұнай мөлшерінің 370 мың баррельден 390 мың беррельге жеткенін хабарлап: «Шикі мұнайдың күнделікті экспорты 2 миллион баррельге жетті. Сондай-ақ экспортталатын шикі мұнайдың мөлшері 2,7 милиион баррельден 3,7 миллион баррельге көтерілді»,- деді.

Иран Президенті үкіметтің экономикалық саладағы жұмыстарына тоқталып: «Үкімет инфляцияны қадағалап, төмендетуді өзінің басты мәселесі санап, шамамен екі жыл бұрын 40,1 пайызды құраған инфляцияны өткен жылдың соңында 11,9 пайызға түсірді. Бұл көрсеткіш алдағы айларда бір таңбалы санға жетеді»,- деді.