АҚШ-тың Иранға дұшпандық танытуы туралы діни жетекшінің көзқарасы
https://itolqyn.com/news/iran-i9418
Иран Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың Иранға деген ұстанымының әрқашан кек және ерегеспен қатар болғанын айтып: «Америкалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты міндеттемелерінің маңызды бөлімін орындаған жоқ»,- деп қуаттады,
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 15, 2016 17:18 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Иранға дұшпандық танытуы туралы діни жетекшінің көзқарасы

Иран Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың Иранға деген ұстанымының әрқашан кек және ерегеспен қатар болғанын айтып: «Америкалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты міндеттемелерінің маңызды бөлімін орындаған жоқ»,- деп қуаттады,

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні жүйенің үштік билігінің басшылары және жүйенің басқа қайраткерлерімен кездесуінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының маңызды тұстары мен АҚШ-тың ИИР-ның жүйесіне дұшпандық танытуына тоқталып: «Америкалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты міндеттемелерінің маңызды бөлімін орындамады, бірақ Иран өз міндеттемелерін іске асырып, уранды 20 пайызға байыту жұмыстарын тоқтатып, Форду нысаны мен Арак ауыр су шығаратын зауытын жапты»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі АҚШ президенттік сайлауы үміткерлерінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының құжатының күшін жоямыз деген қоқан-лоққысына сілтеме жасап: «Егер бұл қоқан-лоққы іске асырылса, Иран да аталмыш құжаттың күшін жойып жібереді»,- деп баса айтты.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы қаңтар айынан бері іске асырыла бастады. Келіссөздерге қатысқан екі жақ ядролық келісімдегі міндеттемелерін орындауға уағдаласты. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының оң және осал тұстары бар. Бұл құжаттың осал тұстары сындарлы тұстарынан көбірек байқалады. Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, бұл екінші жақтың оны өз мүддесіне пайдалануына себеп болды.

Иран уранды 20 пайызға байыту жұмыстарын тоқтату, центрифугалардың санын азайту мен Арак ауыр суы зауытын қайтадан жобалаудың орнына санкциялардың күшін толық жойып, банктік қарым-қатынастар мен әлемдік сауданы қайтадан жандандыруға келісті.

Иран өз міндеттемелерін орындап, уәдесіне берік болып қалды. Бірақ, екінші жақ, әсіресе АҚШ уәдесінде тұрмады. Екінші жақтың міндеттемелері санкциялардың күшін жою болды, бірақ олар өз міндеттемелерін іске асырмады, яғни, санкциялардың бір бөлігінің күшін жойғандай сыңай танытқандарымен іс жүзінде санкциялардың күші жойылмады. Иран мен шетелдік банктердің арасындағы қиындықтар шешілген жоқ. АҚШ-ның үкімет басшылары сөздері және мәлімдемелерімен «Иранның банктік мәмілелер жасауына кедергі жоқ» деген уәж айтады, бірақ іс жүзінде банктерге Иранмен мәміле жасамайтындай қысым көрсетеді»,- деді.

АҚШ-тың дұшпандығы мен уәдеде тұрмауы тек «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасымен шектелмейді. Бұл дұшпан әрқашан ИИР-ның күш-қуатын жоятын жобаларды жоспарлайды. АҚШ еш уақытта Иранға деген дұшпандығын жасырмайды. Өйткені АҚШ-ың болмысы өзгермейді. Демократтар мен республикашылардың Иранға деген ұстанымдарының айырмашылығы жоқ.

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың айқын дұшпандығына сілтеме жасап: «Кейбіреулер Иран АҚШ-пен келісімге келіп, өз мәселелерін шеше алады деп ойлайды. Бұл ой дұрыс емес, тек бос сөз. АҚШ-тың негізгі мәселесі – келіссөздер және қарым-қатынаспен шешілмейтін ИИР-ның жүйесінде. Өйткені Исламнан туындаған айбын мен тәуелсіздікті үстемшілер қабылдай алмайды»,- деп қуаттады.

Иран Ислам Республикасы – исламдық негіздерге сүйеніп, үстемшілік пен зорлық-зомбылыққа қарсылық көрсететін жүйе. Барлық қысымдарға қарамастан бұл елдің күш-қуаты мен аймақ пен әлемдегі ықпалы артып, үстемшілердің әділетсіз мүдделерін дағдарысқа тіреді.

АҚШ басқарған билеп-төстеуші жүйенің дұшпандығының жалғасуына байланысты Иранның ғылыми, экономикалық және стратегиялық қорғаныс күш-қуатын арттыру дұшпанның қастандықтарын залалсыздандыратын факторлардың бірі саналады.