Иранда лаңкестік екі топ құрықталды
Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты құрлық күштерінің Хамзе сейед аш-Шоһода базасы өз күштерінің Иранның солтүстік-батысындағы Ошнавие аймағындағы содырлармен қақтығысында 9 лаңкесті ажал құштырғанын хабарлады.
"Фарс" хабар агенттігінің бейсенбі күнгі мәліметіне сәйкес, Хамзе сейед аш-Шоһода базасының мәліметі бойынша, Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық күштері бейсенбі күні Ошнавие аймағында лаңкестік екі топтың соңдарына түсіп, барлау жұмыстарын жүргізуінің нәтижесінде олардың тоғыз мүшесінің көзін жойған. Осы мәлімдемеде Хамзе сейед аш-Шоһода базасы жауынгерлерінің әртүрлі амалдарында аймақтың жергілікті екі күшінің де шәһид болып, Иранда бейберекеттік пен қауіпті кеңістік тудыру үшін қолдануды мақсат еткен лаңкестердің құрал-жабдықтарының Ислам революциясы Сақшылар корпусы күштері тарапынан тәркіленгені айтылған.
Бұдан бұрын да Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы құрлық күштерінің қолбасшысы бригада генералы Мохаммад Пакпур Хамзе сейед аш-Шоһода базасы жауынгерлерінің Иранның солтүстік-батысында лаңкестік екі топпен қақтығысқанын хабарлаған болатын.