Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері мұсылман халықтарын астамшылдар мен әлемдік сионизмнің Мұхаммед пайғамбардың таза исламына қарсы астыртын әрекеттеріне қарсы бірілік пен тұтастыққа шақырды.
Аятолла Мұхаммад Имами Кашани Теһран жұма намазының осы аптадағы құтпаларында бүгін астамшылдар мен сионизмнің бейнесінің күллі әлемге әшкереленгенін баяндай келе: «Әлем мұсылмандары ислам пайғамбарының салты мен Құранды сақтауға жауапты және өз бірліктерімен осы екеуін дұшпандардың қол сұғушылығынан сақтауы керек.
Дұшпандар өз мақсаттарына қол жеткізу үшін бүгінде кейбіреулерді мұсылман ретінде мұсылман халықтарға қарсы қойып отыр. Барлық іріткі салулар мен астыртын әрекеттерге қарамастан ислам революциясы мен нағыз ислам аса жылдамдықпен әлемге қанат жаюда» деді.
Теһран жұма намазының құтпагері сондай- ақ ислам революциясының мәртебелі жетекшісін ислам республикасының өміршеңдігінің кілті деп атап: «Хазірет ислам жауларының жоспарлары мен мақсаттарынан толығымен хабардар жалғыз кісі. Ол астамшылдық саясатты баршаға ашық түрде сараптап береді. Әлем мұсылмандары ислам жауларының аймақтағы, атап айтқанда Йемен мен Ирак және Сирияда өз талаптарына жетуіне жол бермеуі керек. Йемен, Сирия және Иракта жасалып жатқан қырғын мен қылмыстардың барлығы Сауд Арабиясының қаражаты, сионистердің саясаты және Американың күшімен іске асырылуда» деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Бахрейндегі соңғы өзгерістерге де сілтеме жасап: «Бахрейнде шиіт ғұламаларына қысым жасап, мешіттерді жауып, халықты азаптайды. Ислам елдері осы маңызды мәселеге көңіл аударып, қатыгездіктерді доғарудың жолын табуы керек» деп қуаттады.